Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
5790 4 пікір 24 Сәуір, 2019 сағат 10:47

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту жоспарымен танысты

Қала әкімі Б.Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді.

Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту ісін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып, жалғастыру қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды шешу және Ботаникалық саябақты дамыту мәселелеріне баса мән берілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 908
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2346
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593