Сенбі, 23 Қараша 2024
4086 3 пікір 24 Сәуір, 2019 сағат 11:55

Индонезияда жүзден астам адам сайлау кезінде зорығып қаза тапты

Индонезияда сайлау комиссиясының кем дегенде 92 мүшесі қайтыс болып, 374 мүшесі сайлаудан соң ауруханаға түсті деп жабарлады Antara агенттігі. Индонезия полициясы 15 қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.

Олар бір тәуліктен астам жұмыс уақыты мен дауыстарды санаудан зорығып қаза тапқан деді Индонезия орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ариф Будиман. Полиция қызметкерлері зорыққаннан және жол апатынан қаза тапқан.

17 сәуірде бұл елде әлемдегі ең ірі сайлау өтті. Ел тұрғындары президентті ғана емес, парламенттің екі палатасының депутаттарын және провинциялар мен округтардың заң шығару органдарының мүшелерін сайлады. Елде 800 мың сайлау учаскесі жұмыс істеді. 192 млн сайлаушының 80 дайызы сайлауға қатысқан.

Будиман сайлау кезінде қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге 16–36 миллион рупий беруін сұрады. Бұған қоса ол сайлау комиссиясы қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге уәде берді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345