Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2264 0 пікір 9 Маусым, 2011 сағат 07:37

Түркменстандағы түйелерді қайтарып алсақ

АСТАНА. 9 маусым. Мәжіліс үйі.  Кешегі ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палатаның жалпы отырысында  Зейнулла Алшымбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев пен ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановқа  депутаттық сауал жолдады.

«Менің атыма Маңғыстау облысының бір топ тұрғындарынан және мәслихат депутаттарынан хат келіп түсті. Хатта Қазақстанның көрші Түрікменстанмен шекаралас орналасқан аудандары тұрғындарының түйелері жайылым барысында шекараның арғы жағына өтіп кеткендігін, малдары кері қайтарылмай отырғанын айтып, сол мәселенің шешілуіне тиісті мемлекеттік органдардың атсалысып, көмектесуін сұрайды. Бүгінгі күні анықталған мал саны 76 бас түйе.

Жалпы екі ел көрші болғаннан кейін, шекарадағы жайылымда жайылып жүрген жануарлардың шекарадан өтіп кетіп жатуы екі тарап үшін де болып тұратын жағдай. Ол үшін аң-құсты, тілсіз жануар түйелерді де, олардың иелерін де кінәлауға болмас. Мал жайылымы үлкен, және түйе малы далада адамның қарауынсыз өздігінен еркін жайылатын мал. Екі мемлекеттің де түйелерінің бір бірінің аумағына өтіп кетіп жататын жағдайлар бұрын да болған, болашақта да болып тұруы әбден мүмкін. Жергілікті халықтың өмірі негізінен осы түйе шаруашылығына байланысты. Мал иелері өздерінің меншігі малын қайтаруды талап етуі орынды.

Аталған азаматтардың малдарының мүмкіндігінше жедел қайтарылуына көмектесу үшін Шекара қызметіне тиісті тапсырмалар беруіңізді сұраймын.

Осындай жағдайларда мәселені жедел шешіп отыру үшін Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан Түрікменстанның тиісті мемлекеттік органдарымен бірігіп ұйымдасқан жұмыстар жүргізгені оң болар еді деп ойлаймын.

Депутаттық сауалды Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарап, жауап қайтаруыңызды сұраймын.

Қосымша: 6 парақ.

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. (SauleD@parlam.kz' Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр.)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475