Хасанда Ким Чен Ын 1986 жылы әкесі СССР-ге келерден бұрын салынған, "Ким Ир Сеннің үйі" деген атпен танымал орыс-корей достық үйіне барды. Мұнан соң Ким Путинмен кездесу өтетін Владивосток қаласына жүріп кетті.
Путин мен Ким Владивосток қаласында ертең, 25 сәуірде кездеседі.
"25 сәуірде өтетін келіссөздің негізгі тақырыбы Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесін дипломатиялық және саяси жолмен шешу болмақ" деп мәлімдеді 23 сәуірде Кремль өкілі Юрий Ушаков. Оның сөзінше, соңғы кездері түбектегі жағдай "реттелген". Ушаков "бұған Солтүстік Кореяның ядролық қаруды сынауын доғарып, полигонды жабуы ықпал етті" дейді.
Кремль өкілінің сөзінше, Ким мен Путин алдымен шағын құрамда бетпе-бет кездесіп, артынша кеңейтілген отырыс өткізеді. Ресейдің мемлекеттік РИА "Новости" агенттігінің жазуынша, кездесу кезінде қандай да бір құжатқа қол қою не бірігіп мәлімдеме жасау жоспарланбаған.
Abai.kz