Сенбі, 23 Қараша 2024
2121 0 пікір 12 Сәуір, 2019 сағат 11:46

Амандық Баталов Талдықорғанның жаңа әкімін таныстырды

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды. Облыс басшысы Амандық Баталов мырза қала активіне жаңа әкімді таныстырды. Ол - Ғалымжан Райымұлы Әбдірайымов. Бұл туралы "Абай-ақпарат" порталы хабарлайды.

Әуелі облыс әкімі Амандық Баталов қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, ақылдасты. Президент әкімшілігінің келісімі бойынша қала басшылығына Әбдірайымовтың кандидатурасын ұсынатынын жеткізді. Ал мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Сонан соң облыс әкімі мәслихат мақұлдап бекіткен жаңа әкім Ғалымжан Әбдірайымовты қала активіне таныстырып, жаңа тағайындалған әкімге бірқатар міндеттер жүктеді.

"Дастан Шалтабаев қаланың дамуына, оның құрылысына, абаттандырылуына өз үлесін қосты. Көп үйренді, тәжірибесі бар, өзіне жүктелетін жаңа қызметке бар білімі мен білігін бағыттайды деп сенемін. Ал Ғалымжан Райылұлы бұған дейін де біздің облыста жауапты қызметтер атқарған.

Талдықорғанды заман талабына сай дамыту міндеттерін абыроймен атқарады деп ойлаймын. Оған тәжірибесі де, білімі де жетеді. Облыстың даму көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Жалпы ішкі өнім, өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қай-қайсысында да өсім айқын байқалады. Қала да дәл осылай өсуі керек. Біз облыс орталығына ерекше көңіл бөліп, барлық жағынан қолдау танытып келеміз. Жолдарын жөндеуге, абаттандыру, жарықтандыру, газдандыру ісіне қаржы бөліп отырмыз.

Қоғамдық көлікті ретке келтіру туралы баяғыдан айтып жүрмін. Талдықорғанда жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындармен бірлесіп, заман талабына сай жаңа автобустар сатып алып, жүргізсеңдер, игілігін халық көреді ғой. Қаланың орталығын ғана емес, Ынтымақ ауылын, сол сияқты қала шетіндегі саяжайлық аумақтарды дамытуды да басты назарда ұстау керек. Қала ішіндегі газдандыру ісі баяу жүріп жатыр. Осының бәрін Ғалымжан Әбдірайымов жіті бақылауға алып, белсене жұмыс істеуі керек", деді Амандық Баталов.

Өз кезегінде Ғалымжан Райымұлы да сөз алып, өзінің еңбек жолын Алматы облысынан бастағанын айтты.

"Маған Алматы облысы бөтен емес. Осы өлкеде алғаш елмен араласып, қызмет баспалдақтарынан өттім. Маған сенім артып, жауапты лауазымға тағайындағаныңыз үшін ризашылығымды білдіріп, талдықорғандықтармен бірлесе жұмыс істеймін, талап үдесінен шығамын деп сендіремін", деді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522