Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2343 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 06:42

ІІМ басшылығы республика жолдарындағы жол-көлік апаттарына және онда қаза болғандар мен жарақат алғандардың санына алаңдаушылық білдірді

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Еліміздің жолдарында бес айдың ішінде 791 адамның қаза болуына, 4 мың 569 адамның жарақат алуына себеп болған 3 мың 965 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Қазақстан ІІМ жол полициясының комитеті (ЖПК).

Өткен сейсенбі күні вице-министр Олег Федоровтың, ЖПК басшылығының және жол полициясының аймақтық басқармаларының қатысуымен өткен кеңесте осындай сандар жария етілді.

Таратылған ақпаратта айтылғандай, ІІМ-де өткен кеңесте жол полициясының облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қызметтерінің бес айдағы жұмысының қорытындысы сарапталып, алдағы кезеңге міндеттер қойылды.

Кеңеске қатысушылар Қазақстанның жол-көлік кешені күрделі жағдайда қызмет етіп отырғанын атап өтті. Автопарктің өсу қарқыны көше–жол желісінің даму қарқынынан алда келеді. «Жол қозғалысындағы қауіптерде негізінен адами фактор және жүргізушілердің тәртібі маңызды болып табылады. Мәдениетсіздік, қолданыстағы ережелер мен заңдарды сақтамау, өзінің жүргізу шеберлігін лайықты бағаламау жол-көлік апаттарының  89 пайызына себеп болып жатады», – деп атап көрсетілген баспасөз мәлімдемесінде.

Кеңес барысында ЖПК төрағасы полковник Қ. Тыныбеков Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары жол полициясының қызметін сынға алды, бұл аймақтардағы жол полициясының басшыларына жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, жемқорлыққа қарсы тұрудағы, ЖП кадрлық құрамындағы заңдылық пен тәртіпті нығайтудағы олқылықтар мен кемшіліктер атап көрсетілді.

Нәтижесінде министрліктің басшылығы мемлекет басшысының талап етуіне сәйкес, ЖПК және оның аймақтық қызметтерінің алдына өз қатарындағы жемқорлықпен күресті күшейтіп, халықтың жол полициясына деген сенімін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Сонымен қатар, жолдардағы қауіпсіздікті нығайтып, көліктік тәртіпті жақсарту және жол-көлік оқиғаларының және жолда қаза болатын адамдардың санын азайту бағытында шаралар қолға алу тапсырылды, – делінген хабарламада.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572