Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
5099 0 пікір 2 Мамыр, 2019 сағат 13:49

АҚШ бас прокуроры: Трамп қылмыстық тәртіппен қудаланбайды

АҚШ бас прокуроры Уильям Барр 1 мамырда Конгрессте президент Дональд Трамптың айналасындағылар мен штабының Ресеймен байланысы туралы Мюллер баяндамасына қатысты куәлік етті.

Бас прокурордың мәлімдеуінше, Ресейге қатысты зерттеуге кедергі келтіргені үшін Трамп қылмыстық тәртіппен қудаланбайды.

Тергеуді арнайы прокурор Роберт Мюллер екі жыл жүргізді. Оның нәтижесі 24 наурызда жарияланды. Мюллердің тікелей басшысы саналатын Барр оның 448 беттен тұратын баяндамасын жариялауға рұқсат берген.

Бірақ баяндаманың редакцияланған нұсқасына Конгресс мүшелерінің көңілі толмай отыр.

Баяндамада Трамп пен оның айналасындағылар сайлау науқаны кезінде Ресейден көмек сұрамағаны айтылған.

Еске салайық, Ресей мен оның арнайы қызметтері АҚШ президентін сайлауда ықпал өтеуге көмектеспегенін дегенді баяндама жоққа шығарған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 850
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2235
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 567
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 544