Сенбі, 23 Қараша 2024
5824 18 пікір 2 Мамыр, 2019 сағат 16:21

Жұматай Әлиев қазақ тілі сынағынан өте алмады

ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгермеген. Мұндай қорытындыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия шығарды.

«Бүгін «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Жұматай Әлиев емтиханға берілген уақытын толық пайдаланды. Комиссия барлық кезеңдерді жан-жақты талқылады», - деді үміткердің емтихан нәтижесін жария еткен лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ Ахметов.

Оның айтуынша, үміткер бірінші кезеңде «Мемлекет және дін» деген тақырыбында шығарма жазған. 1,5 сағат отырғанымен, тақырыпты мүлде аша алмаған.

«Тақырып мүлдем ашылмаған, сөйлемдерінің барлығы жүйесіз. Дін мәселесі де мүлдем ашылмады деуге болады, үстірт. Екінші кезеңде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының 2-томынан үзінді оқыды. М.Әуезовтің сөздері «қыздың жиған жүгіндей» ғой. Мәтіннің өз «әуезі бар. Бұл жерде де өзінің шорқақтығын байқатты. Үшінші кезеңде «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбында баяндама жасады. «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбы мүлдем ашылмады. Тағы да үстірт болды. Сауатсыз болды. Мәселен, бірінші кезеңдегі шығармада бас-аяғы 13 сөйлемде 19 қате. Өздеріңізге белгілі 8 ден асса ол шығарма теріс бағаланады. Сондықтан президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссия қорытындысы шықты», - деді ол.

Айта кетейік, Жұматай Әлиев мемлекеттік тілдегі емтиханнан сүрінген алғашқы үміткер. Бұған дейін кандидаттардың барлығы бұл сынақтан өткен болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377