Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 6416 2 пікір 3 Мамыр, 2019 сағат 13:03

Ұлттық киім кигендер клоун боп барады

Клоун - үлкен өнер иесі. Цирк алаңында оның қолынан келмейтіні жоқ. Цирктегі арқанмен жүру, фокус, жонглер, трюктер, қойшы тегі олар меңгермейтін мамандық жоқ. Көрерменді күлдіру үшін көрмеген азабы да қалмайды.

Ал, біздің осындағы білгіш, "зиялы орта" біреулерді сол клоунға (сайқымазақ - деп) теңеп жатады. Кәсіби деңгейі, шеберлігі клоундай болған артист өте аз. Ол орасан зор еңбектің адамы... мейлі оның күлкілі сәттері біреулердің ойын жеңілдікке жетелейтін шығар. Ұмытпаңыздар, ағайын, циркке балалар көп барады, сондықтан Сіз оның әрекетіне сәби сияқты сеніп, күле алмайсыз. Есейіп кеткенсіз...

Жарайды, айтпағым мүлде басқа нәрсе. Клоун деп бастаған соң сол тәсілде жалғайтын болсам, біздің Ұлттық мақтаныштарымыздың бірі - Ұлттық киім. Соның қазір небір түрі, оны киіп, елге көрсететін модельдердің де небір сойқандары пайда болды. Алғашында палуан денелі жігіттер шынымен мақтан болды. "Міне, қазақтың жігіттері, қандай!" - деп, кеуде қақтық. Суретке түсіп, мақтандық. Оларды шет елден келгендер баратын жерге таситын болдық, тіпті әлем аралаттық.

Енді солар клоун болып барады. Бір кішігірім презантация, ресторанның ашылуы, сауда орталығының жарнамасы, Алпамыстай батырларымыз қолдарына найза, қылыш асынып балмұздақ күзетіп, тойларда қалыңдық күзететіп, сүндетке отырғызған баланы көтеріп жүр. Мақтанудың да орны болу керек шығар...

Мен түсіне бермейтін "ақша табу тәсілдері" көбейіп кетіпті әйтеуір... Күндердің күнінде сол батыр киімді алпауыттар шашылық сатып тұрса таңқалмайтын жағдайға жетерміз бүйте берсек...

Асқар Наймантайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір