Сенбі, 23 Қараша 2024
4704 0 пікір 30 Наурыз, 2019 сағат 14:39

Мәулен Әшімбаев аз қамтылған отбасыларға пәтер кілтін тапсыру рәсіміне қатысты

Елімізде “Nur-Otan” партиясының бастамасымен «Халыққа көмек» жобасы басталғаны белгілі. Бұл жоба аясында «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелері Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі бойынша қызмет көрсете бастады. Соған орай кеше Ақтөбе облысына барған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның аймақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, жаңа жүйенің жұмысымен танысты.

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен бірге «Бақытты отбасы» жобасы аясында аз қамтылған отбасыларға пәтер кілтін тапсыру рәсіміне қатысты. Соның нәтижесінде көп балалы отбасы, жас отбасы, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар және мүмкіндігі шектеулі жандар баспаналы болды.
Оларды қуанышты сәтпен құттықтаған партия Төрағасының Бірінші орынбасары бұл Елбасы саясатының нәтижесі екеніне назар аударды.

– Халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру Елбасы саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Соның ішінде баспанамен қамтудың маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасының тікелей тапсырмасымен айтарлықтай жұмыстар атқарылып, үлкен нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз, – деді Мәулен Сахатханұлы.

Айта кетейік, бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Nur-Otan партиясы «Халыққа көмек» жобасын қолға алынып отыр. Жобаның басты мақсаты - мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық әлеуметтік көмекті Бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы бір жерден әрі жедел түрде халыққа жеткізу. “Nur-Otan”  партиясы бұл іске мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес қауымдастықты да жұмылдырып, олардың қызметтерін үйлестіруші рөлін атқаратын болады.

Ал, Nur Otan партиясының XVIII съезінен кейін жергілікті қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3 мыңға жуық азамат хабарласқан. Партия олардың тең жарымына көмек көрсетіп үлгерген. Азаматтар негізінен баспана мәселесі мен еңбек дауы бойынша және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетуге мүдделі екені анықталған.

Кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде партия Төрағасы Нүрсұлтан Назарбаевтың  концептуалды баяндама жасағанына назар аударып, Елбасының аталған съездегі сөзі, өткен жылдың қазан айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және Бес әлеуметтік бастамасы еліміздің қазіргі таңдағы жаңа әлеуметтік доктринасының негізін қалап бергенін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536