Сенбі, 23 Қараша 2024
4500 5 пікір 4 Мамыр, 2019 сағат 19:02

ОСК Дания Еспаеваны кандидат ретінде тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Ақ жол партиясы атынан президент сайлауына түсуге құжат тапсырған Дания Еспаеваны үміткер ретінде тіркеді. Бұл туралы "Абай ақпарат" хабарлайды.

ОСК бүгін 2019 жылғы 9 маусымда кезектен тыс өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Дания Мәдиқызын тіркеу туралы қаулы шығарды.

Дания Еспаева осыған дейін Орталық сайлау комиссиясына құжаттар өткізіп, мемплекеттік тілден емтихан тапсырған. Лингвистикалық комиссия Еспаеваның мемлекеттік тіл емтиханынан жоғары бағалаған еді.

Дания Еспаева ОСК-ға төмендегі құжаттарды өткізді:

- Дания Мәдиқызы Еспаеваның Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші;

- өмірбаяндық деректер;

- сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.

- Дания Мәдиқызы Еспаеваның кірістері мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

- Президенттікке кандидат Дания Мәдиқызы Еспаевада оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды;

- облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат Дания Мәдиқызы Еспаеваны қолдайтын азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды.

Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат Дания Мәдиқызы Еспаеваны қолдап Қазақстанның барлық 17 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 144 098 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінде 139 541 қол рас болып танылды.

Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі №13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын рас қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрайды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5382