Жексенбі, 24 Қараша 2024
2969 0 пікір 4 Наурыз, 2019 сағат 20:28

Алматыда алдағы екі жылда 20 мың орындық жатақхана салынады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір жыл бұрын Президенттің бес әлеуметтік бастамасы деп аталатын үндеу жариялаған болатын. Ондағы үшінші бастама - “Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту” деп аталады. Осыған сәйкес елімізде бірқатар шаралар атқарылып жатыр.

Мәселен, бүгінде оңтүстік астанада жатақханалар саны өскен. Алдағы екі жылда Алматыда 20 мың орындық 42 жатақхана салынады. Ал, олардың бесеуі биыл қолданысқа берілмек. Мәселен, бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы университетке тиесілі екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұрын колледж болған бұл нысан енді аз уақытта заман талабына сай жабдықталған жатақханаға айналмақ. Жалпы, Сәтбаев университетінде 3 жарым мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж. Қазір унисверситет 2 мыңнан астам жасты студенттер үйімен қамтамасыз етіп отыр. Университеттің департамент директоры Аманжол Кенжеханұлының айтуынша, қала әкімшілігінен университетке бөлінген бос жер бар. Сол жерге 3 жатақхана салу жоспарланып отырған көрінеді. Ал, реконструкция жасап жатқан ғимарат 265 адамға арналған жатақхана болады екен. Бұдан бөлек, Сәтбаев университеті Алғабас ықшам ауданынан 1200 адамға арналған заманауи студенттік кампус салмақшы.

Сонымен қатар Президент бастамасына Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы да үн қоспақ. Бұл оқу орнында қазір 500 орындық жатақхана салынып жатыр. Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясының проректоры Бақыт Шәкіровтың айтуынша, университетке шеттен келіп түскен әр баланың квартира жалдап, үлкен қаржат шығармауы үшін университет жатақхана құрылыстарын жоспарлап, салып жатқан көрінеді. Проректордың айтуынша, университетте шаңырақ көтерген студенттерге де арнайы бөлмелер жасақталған.

Ал, жатақхана құрылысының архитекторы Берік Дәлденбаевтың сөзінше, жатақханаға сапалы құрылыс материалдары қолданылып, тиісті талаптар мұқият сақталады. Айта кету керек, құрылыс жүріп жатқан жердің астында негізінен жертөле бар. Оның астында 1,5 метрлік плита құйылған. Сол плитаның үстіне 500/500 колонналар қойылып, төртінші қабатқа дейін, одан ары қарай 400/400 колонналармен кетеді. Оның бәрі есеп бойынша нормалық талаптар бойынша жасалынған.

Жалпы елдегі университеттердің 39-ы Алматыда орналасқан. Оларда өзге өңірлерден келген 93 мың студент оқиды. Сондықтан қалада жатақхана құрылысына ерекше мән беріліп отыр. Студенттік үй салуға аумағы 15 гектар болатын 25 жер телімі бөлінген. Оның ішінде 11 жер телімін әкімдік мемлекеттік қор есебінен берсе, қалғандары университеттерге жасаған ревизиядан кейін анықтылды. Нәтижесінде, қалада алдағы екі жылда 20 мың орындық 42 жатақхана салынатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578