Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 08:23

Таныс болыңыздар: Әйгерім Жәкішева – қудалауға ұшыраған топ-менеджердің қызы

Әйгерім Жәкішева, Мұхтар Жәкішевтің қызы. Алматы, 9 маусым 2009 ж.

Тұтқындағы Мұхтар Жәкішевтің отбасында бес бала бар. Балалардың ең кенжелері - 10 жастағы егіздер Алтынай мен Айдай. Айсұлу олардан екі жас үлкен. Отбасындағы жалғыз ұл бала - 15-тегі Айтөре. Ал ең үлкені - 20 жастағы Әйгерім.

Әйгерім жақында ғана жазғы демалысқа келген бетте маңызды шаруаға кірісіп кетті: анасы Жәмила оған әкесі Мұхтар Жәкішевті қорғау істеріне қатысты бұқарамен байланыс жұмыстарын сеніп тапсырған. «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті биылғы сәуірде қуғынға ұшырап, мамыр айында тұтқындалды.

Мұхтар Жәкішев пен оның орынбасарларына сыбайласқан жемқорлық жасаған деген айып тағылуда. Бірақ Мұхтар Жәкішевтің жақтастары топ-менеджерді Қазақстан президенті мен оның айналасындағыларды сынаушыларға қарсы саяси репрессия науқанының құрбаны деп есептейді.

- Әйгерім, соңғы уақыттары сіз де анаңызбен бірге әкеңізді жақтап көпшілікке шығып жүрсіз. Мұның себебін білуге бола ма?

- Қалай дегенмен, ол менің әкем ғой! Қол қусырып қарап отыра алмадым. Жасым 20-да, қолымнан көп нәрсе келетіндігін де жақсы білемін. Анама көмектесуге барыншы тырысып жатырмын. Өйткені, анама қиын тиіп жатыр: барлық шаруға үлгерумен қатар шындықты балаларынан жасырудың өзі оңай тимесі анық.

Анама үздіксіз телефон соғады. Кейде оның есі шығып кетеді, көп нәрселерді ұмытып қалып жатады. Моральдық тұрғыдан да оған көмектесуге тырысамын және әртүрлі ойлар салып, ұйымдастыру техникаларымен жұмыс істеуге көмектесемін. Себебі, анам оның тілін аса жетік біле бермейді. Сөйтіп бірқатар жауапкершілікті өз мойныма алдым.

- Сіз студент шығарсыз?

- Иә, мен шетелде - Англияда оқимын.

- Соңғы оқиғалар сіздің оқу барысындағы жоспарларыңызға өзгеріс енгізген жоқ па?

- Қазір мен демалыста жүрмін. Оқу қазан айында ғана басталады және анама көмектесуге уақытым бар. Ал, жалпы айтарым, біздің еліміз жақсы жағына қарай түзелмесе, онда менің көңілім қатты қалатыны анық. Өйткені мен, шын мәнінде, Қазақстанды өте қатты ұнатамын.

Шетелде оқуда жүргенде барлығына біздің ел қандай керемет және олардың мұндай үлкен ел туралы білмеуі ұят деп айтып, оларды міндетті түрде елді келіп көруге шақырып жүретін едім. Ендігі жерде ұлттық қауіпсіздік комитетінің және бірқатар саясаткерлердің әрекеті мен мұндағы заңсыздықтарды көріп отырып, ел үшін ұялатын дәрежеге жеттім. Мұның барлығы біздің ар-ожданымызға сын. Осының бәрі өзгермесе халықтың жүрегінде отансүйгіштік рухы кемитіндігі анық.

- Әйгерім, бұл көзқарасыңыз әкеңізді ұстағаннан кейін қалыптасты ма?

- Иә. Өйткені, қаншама заң бұзылып жатыр, олай болмауы керек. Мен бұл жерде сыбайласқан жемқорлықпен күресу дұрыс емес дегендей ауқымды мәселелерді қозғап отырғаным жоқ. Тым құрыса, қарапайым адамның құқықтары сақталуы керек қой. Содан келіп, сырт көз бізді «үшінші әлемге»жатқызып, демократиясы жоқ ел деп атайды... Сол үшін де намыстанамын. Өйткені, шын мәнінде, Қазақстан - әжептәуір ілгері әрі жақсы мемлекет.

- Әйгерім, әкеңіздің тұтқындалуын отбасының мүшелері, әсіресе балалар қалай қабылдады?

- Сіңлілерім әлі бұл жайында білмейді. Менімен тетелес ініме ғана айтылған. Олардың бәрі де менімен бірге, Бішкек қаласында ата-әжемнің үйіндеміз.

- Айтқандай, маусым айының ортасына таман анаңызбен бірге Бішкекке бара жатқан жолда сіздерді жібермей қойған еді...

- Иә, анамның елден шығуға толық құқығы болған. Өйткені, қылмыстық іс оған қарсы қозғалған жоқ қой. Оның үстіне, анам шетке шықпау туралы ешқандай қағазға қол қоймаған. Сондықтан оның қалаған жағына жол жүріп, өзінің ата-анасымен қауышып қайтуына құқысы бар. Және оны жібермей қоюын барып тұрған заңсыздық деп есептеймін.

- Кішкентайлар әкесін іздемейді ме, оларға қалай түсіндірдіңіздер?

- Біз оларға әкеміз жұмыс сапарында деп айтып жатырмыз. Алайда олар секем алатын сияқты. Әдетте, әкеміз бір жерлерге жүрер алдында телефон соғатын, оның үстіне оның сапары туралы үнемі сөз болатын. Бірақ әкем ұзақ уақытқа сапарлап кететін де кездер болады. Соны білетін олар әкелері жұмыс сапарымен жүр деп ойлайды...

- Сұхбатыңызға рахмет.

Талғат ДҮЙСЕНБЕК 17 маусым 2009 жыл

«Азаттық» радиосы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570