Қазақстан халқының 5,5%-ының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен
Қазақстан халқының 5,5%-ының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, деп хабарлады статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.
«Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2011 жылғы 1 тоқсанда 5,5% (909,1 мың адамды) құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 1,1 пайыздық тармаққа төмен», - деп көрсетілген сәрсенбіде таратылған хабарламада.
Статистиктердің мәліметінше, ауылдық жерлердегі табысы халықтың үлесі қалалық жерлердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесінен 3 есеге артты және 9% (675,5 мың адамды) құрады.
2011 жылғы 1 тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың басым үлесі Оңтүстік Қазақстан (12,0%), Қызылорда (9,6%) және Маңғыстау (9,1%) облыстарына келеді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың ең аз үлесі Алматы (0,9%) және Астана (1,0%) қалаларында және Алматы облысында (1,1%) байқалады.

«Үй шаруашылықтарының шығыстары тікелей оның материалдық қамтамасыз етілуіне тәуелді. Мысалы, 2011 жылғы 1 тоқсанда ең аз қамтамасыз етілген халықтың 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтық 10%-мен салыстырғанда азық-түлік тауарларына 5 есеге, азық-түлік емес тауарларға 7 есеге аз шығыстар жұмсаған», - деп атап көрсетілген хабарламада.
АСТАНА, 15 мау - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz