Сенбі, 23 Қараша 2024
4502 6 пікір 8 Мамыр, 2019 сағат 11:48

Өзбекстан мен Ресей жыл соңына дейін АЭС салу жөнінде келісімге қол қояды

Биыл жыл соңына дейін Өзбекстан мен Ресей АЭС (Атом электр станциясы) салу жөнінде келісімге келуі мүмкін. Бұл жөнінде "Өзатом" агенттігінің бас директоры Журабек Мирзамахмудов хабарлады.

"Бізде бұл бағытта нақтыланған жоспар бар. Жоспарға сәйкес келісімге жыл соңына дейін қол қойылады", - деді Мирзамахмудов.

Өткен аптада Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға барып, АЭС салатын орынды талқылаған. Бірақ әлі күнге дейін құрылыс орны құпия сақтаулы.

Журабек Мирзамахмудовтың айтуынша, АЭС-тің алғашқы кезеңі 2028 жылы пайдалануға беріледі, екінші кезеңі 2030 жылға қарай салынып бітпек.

"Біздің болжамымыз бойынша Өзбекстанның электр энергиясын пайдалану қажеттілігі сағатына 170 млрд КВт-қа жетпек. АЭС бұл қажеттіліктің 15-16 процентін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті "Өзатом" басшысы.

2018 жылдың қазан айында Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин Жызақта символикалық түрде АЭС құрылысын бастау түймешігін басқан.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385