Дүйсенбі, 27 Мамыр 2019
1631 2 пікір 13 Мамыр, 2019 сағат 11:04

Қырғызстан Өзбекстанмен соттасқалы жатыр

Қырғызстан үкіметі Ыстықкөлдегі Өзбекстанға тиесілі төрт пансионатты қайтару үшін соттасқалы жатыр. 2017 жылы сол кездегі премьер-министр Сапар Исаков инвестиция мен шағымды қайтарып алу үшін Ташкентке демалыс орындарын берген екен.

Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі күні Халықаралық арбитраж сотында істі қарау жалғасып жатыр. Таяуда арбитраж трибуналы бұл мәселенің мәні бойынша қарауда юрисдикция бар екенін мәлімдеген. Енді сот оның маңызын қарауы тиіс.

2016 жылы Темир Сариев жетекшілік еткен Қырғызстан үкіметі Сответ заманынан бері Өзбекстан пайдаланып келген пансионаттарды мемлекет қарамағына қайтаруды шешкен. Олар - "Рохат-НБУ" (кейін "Алтын-Жай" деп өзгертілді) "Алтын құм" ("Бостери"), "Дилором" (кейін "Енесай") және "Бустон" (атауы сол күйінде қалды).

Бірақ Өзбекстан мұнымен келіспей, халықаралық сотқа берді.

2017 жылдың желтоқсан айында Сапар Исаков жетекшілік ететін үкімет демалыс орындарын Өзбекстанға кері қайтаруды шешкен.

Бірақ қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл келісімге сол күйі екі ел тарабы қол қойылмаған.

Abai.kz

2 пікір