Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7151 19 пікір 14 Мамыр, 2019 сағат 08:19

Елімізде "Назарбаевтану" пәні енгізілуі мүмкін

Қазақстанның оқу орындарында "Назарбаевтану" деп аталатын жаңа пән енгізілуі мүмкін.

Бұл идеяның авторы - шымкенттік университеттің профессоры Нұрәлі Өткелбаев. Жергілікті "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жазуынша, аталған ұсыныс білім және ғылым министрлігінен қолдау тапқан.

Профессордың есебінше, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамалары, халыққа жолдауы, сұқбаттары мен ғылыми-әлеуметтік мақалалары және кітаптарын бәрін жинағанда 101 томды құрайды.

Бұл дүниелердің бәрі ғаламдық деңгейдегі еңбектер деп атап өтеді Өткелбаев.

"Расында ұжымдық сана керек. Ол үшін арнайы курстардан бастап, бұл жобаларды ашық талқылау керекпіз", - деп ұсыныс жасайды ол.

Бұл ғылыми-педагогикалық жұмыстарға жауапты білім министрлігінің өзі болуы тиіс дейді "Назарбаевтану" жобасының авторы.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395