Сенбі, 23 Қараша 2024
3531 0 пікір 14 Мамыр, 2019 сағат 08:24

Өзбекстанда ұлттық тілді дамытатын мемлекеттік орган құруды ұсынды

"Юксалиш" жалпыұлттық қозғалысы өзбек тілін дамыту және халық сауаттылығын арттыруға арналған ұсыныстар дайындады.

Ұйым өкілдері бұл тақырыпқа орыс тіліне Өзбекстанда ресми мәртебе беру мәселесі талқылана бастаған уақытта назар аударған. Еске салайық, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ташкентке сапары қарсаңында бір топ өзбек интеллигенциясы орыс тіліне ресми мәртебе беру туралы бастама көтерген.

Қозғалыс мүшелері өзбек тілін үйренуді азаматтарға мәжбүрлеуді ұсынбайтынын, бірақ сауаттылықты арттыруға ұмтылу қажеттігін айтты.

"Мемлекеттік тілді ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде дамыту қажет. Бірақ Өзбекстанда тұратын басқа да ұлттардың құқықтары тапталмауы тиіс" делінген қозғалыс мәлімдемесінде.

Ұйым Өзбек тілін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажет деп есептейді. Бұған қоса "Юксалиш" тілді дамытуда бірыңғай мемлекеттік саясатқа жауапты арнайы орган құру қажет деп есептейді. Жоба авторлары мемлекеттік тілді дамытудың бір жолы ретінде жылына бір мәрте жалпыұлттық диктант өткізуді ұсынды.

Бұған қоса өзбек тілін үйренушілерге тегін курстар ашу керек дейді ұйым мүшелері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452