Сейсенбі, 20 Тамыз 2019
830 1 пікір 14 Мамыр, 2019 сағат 13:38

Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Талдықорғандық жұмысшылармен кездесті

«Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Талдықорған қаласында үгіт-насихат кездесулерін өткізді.

Үміткердің сайлауалды бағадарламасымен аккумулятор батареяларын өндіруші «Қайнар-АБК» ЖШС заводының қызметкерлері танысты. Аталмыш жерде мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Өнеркәсіптің қазақстандық нарықта жүргеніне 40 жылдан асты. Соңғы жылдардың өзінде шығарылатын өнім көлемі 11 есе артып, экспорт 14,5 есеге артты. Егер шығарылатын өнімнің 40% жуығы ішкі нарыққа келсе, 60% экспортталады. Қазақстандық аккумуляторды тек көрші Ресей, Қытай елдері емес, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, африка құрлығының елдері сынды мемлекеттер де пайдаланады.

Сайлауалды штабтың жетекшісі Азат Перуашевтың сөзінше осындай өнеркәсіптерге мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдерін енгізу керек. Олар «Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.

«Сайлауалды бағдарламада тек шағын және орта бизнесті ынталандыру ғана емес, мемлекет экономикасының басым бөлігін қамтитын ірі өнеркәсіптерге қолдау көрсету қарасытырылған.  Мысалы, өнеркәсіптің басым салалары үшін, оның ішінде машина жасау өндірісіне,  салық төлемдерінің төмен мөлшерлемелерін енгізу. Сондай-ақ, бизнес субъектілері үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін азайту. Қазіргі экспортты қолдау бағдарламасын қайта қарап, оны кеңейту қажет»,- деді Перуашев. 

Сайлауалды штаб мүшелері Талдықорғандағы әлеуметтік нысандарға, оның ішінде «Нұр Авиценум» медициналық орталығына бас сұқты.

Емделушілерге түрлі медициналық қызметтер көрсететін емхана 20 жылдан астам жұмыс жасайды. Емхананың басты бағыты – кардиология. Кездесу барысында аймақтардағы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

*Материалдың ақысы Қазақстан президенттігіне үміткер Д.М.Еспаеваның сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Abai.kz

1 пікір