«Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды
Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталады.
Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған болатын. Биылғы жылы үшінші рет тапсырылады.
Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2018 жылдың 3 қыркүйегі мен 2019 жылдың 15 маусымы аралығында жазылған және жарық көрген материалдар қабылданады.
Жеңімпаздар алты аталым − Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.
Өтінімдер 2019 жылдың 17 маусымына дейін қабылданады. Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады. Өтінімдерді Парламент Мәжілісінің сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмыс органына – Мәжілістің баспасөз қызметіне – 000001, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе smimazh@parlam.kz электронды мекенжайына жолдау қажет.
Қосымша ақпаратты Мәжілістің parlam.kz ресми сайтынан немесе (8) (7172) 24-38-22, 74-68-44, 74-63-04, 74-63-05, 74-63-02, 74-63-01 байланыс телефондары арқылы алуға болады.
Abai.kz