Жексенбі, 20 Сәуір 2025
5862 2 пікір 14 Мамыр, 2019 сағат 13:45

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының бас жүлдегері миллион теңге алады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолдану аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.

Конкурс төрт номинациядан тұрады: «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы».

Конкурстың бас жүлдесі – 1000000 (1 миллион) теңге. 1 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 500 000 теңге. 2 орын  – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 350000 теңге. 3 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 150000 теңге.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы өтіп https://mks.gov.kz/kaz/press-sluzhba/obyavleniya/ танысуға болады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114