Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3184 0 пікір 28 Наурыз, 2019 сағат 15:51

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң қабылданды

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының кезекті отырысында «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң қабылданды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң аясында еліміздегі экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мәселесі һәм ол аймақтардың жұмыс істеуі және оларды тарату тәртібі реттелетін болады.

Сондай-ақ, аталмыш Заңның аясында үкіметтің, уәкілетті органның, жергілікті атқарушы және өзге де орталық органдардың құзіреті анықталатын болады. Яғни, ҚР Сенаты қабылдаған осы Заң заңнамалық тұрғыдан индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын, индустриялық аймақтардың түрлерін және аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін айқындамақ.

Енді Қазақстан аумағында экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту, инвестиция тарту саласын жетілдіру үшін бірыңғай үйлестіру орталығын құрылады. Бұл орталық экономикалық аймақтың арнайы құқықтық тәртібін анықтап, салық және кедендік бақылауды реттеуге өз септігін тигізбек.

Депутаттар бұл заңды  екі оқылымда қарап, қабылдап отыр. Сенат индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін реттеу үшін бұрынғы заңға 23 түзету енгізген.

Осының нәтижесінде біріншіден индустриялық аймақтарға жер телімдерін берудің жаңа тетігі пайда болды.

Екіншіден, экономикалық және индустриялық аймақтардың қарқынды дамуы компаниялар үшін жер салығынан, мүлік салығынан және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемақыдан босатылады.

Үшіншіден, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» «Инновациялық технологиялар паркі», «Астана – жаңа қала» секілді аймақтардың жұмыс істеу ережелері өзгерді.

Төртіншіден, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң шеңберінде көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары да жүзеге асырылмақ.

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева жетекшілік еткен отырыс барысында бірқатар депутаттық сауалдар жария етілді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2037