Сенбі, 23 Қараша 2024
4198 7 пікір 17 Мамыр, 2019 сағат 10:18

Қытайтанушы Сыроежкин мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен қамауға алынды

Қазақстанда саясаттанушы әрі қытайтанушы Константин Сыроежкин мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сүйеніп хабарлайды.

"2019 жылдың 15 қаңтарында ҰҚК 1956 жылы туған Қазақстан азаматы Сыроежкин Константин Львовичке Қылмыстық кодекстің 175 бабы,1- тармағы (Мемлекетке сатқындық жасау) бойынша іс қозғалды",- деп хабарлаған ҰҚК.

Баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне қарағанда, 62 жастағы саясаткерді 19 ақпанда ұстаған. Қалған мәліметтер мемлекеттік құпия болып саналады екен.

Константин Сыроежкин 2006 жылдан бері Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бас маманы болып жұмыс істеген.

Ақпан айында Сыроежкин Алматыда өтетін ғылыми конференцияда қытайтануға байланысты арнайы баяндама оқу керек болған. Бірақ қатыспаған. Оны әріптестері сол уақытта тұтқындалған болуы мүмкін дейді. Ол сонымен бірге "Бір белдеу – бір жол" деп аталатын ірі шараға да қатыспаған.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5509