Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2754 0 пікір 28 Наурыз, 2019 сағат 17:12

Түркістан облысында ауылшаруашылығы саласындағы азаматтарға 1 млрд 527 мың көлемінде несие берілген

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстан халқына арнаған Үндеуі. Аталған үндеу жарияланған соң, халық тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Себебі, мұнда еліміздің әлеуметтік мәселесін шешуге арналған нақты қадамдар ұсынылған. Ондағы төртінші бастама – "шағын несие беруді көбейту" деп аталғаны белгілі.

Бұл елдегі кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға үлкен қолдау болды. Мәселен, осы бастама негізінде Ақтөбе облысында жыл басынан бері өз кәсібін ашқан 1000 ға жуық адам 4,7 млрд теңге көлемінде шағын несие алған. Олардың ішіндегі ауыл тұрғындарының саны 92,3% і құрайды. Ал, шағын несие беру бойынша осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктерге 112 азамат өтініш жолдап, 42 жобаға қаражат берілген. Ол жобаларға берілген қаражат көлемі 464,3 миллион теңгені құраған. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін шағын несие беру бойынша 6 жоба мақұлданып, оларға 68,2 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Алдағы уақытта 216,1 миллион теңгені құрайтын 16 жоба қаралып жатыр.

Елбасының осы бастамасы өңір кәсіпкерлерін де қуантқаны анық. Мәселен, осы уақытқа дейін шағын несие беру бойынша Түркістан облысы, Мақтарал ауданында ауылшаруашылығы саласындағы азаматтарға 1 млрд 527 мың көлемінде несие берілген. Ол қаражаттан мал шаруашылығына 528 миллион теңге бөлінді. Ал, егін шаруашылығына – 777 миллион теңге берілген. Өңірдегішағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ, жылыжайларға 221 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қодау болған.

Бүгінде Түркістан облысындағы шағын бизнес мемлекеттің қолдауымен қарқынды дамып келеді. Мәселен, Сайрам ауданындағы “Расвет” өндірістік коперативі сүт өнімдерінен ірімшік және сүзбе өндіріп отыр. Бүгінде кәсіпорын өңірдегі 20 адамды жұмыспен қамтыған.  Мұндағы құрал -жабдықтар Түркиядан әкелген. Ал,кәсіпорында тәулігіне 8-10 тонна сүт өндірілетін көрінеді.

Бүгінде “Расвет” өндірістік кооперативіне мемлекет тарапынан қатты ірімшік түрін субсидиялауға мүмкіндік берілген. Енді олар “Агро кредит” корпорациясы арқылы кәсіпорындағы ескірген құрал жабдықтарды жаңартпақ.

Елбасының “шағын несие беруді көбейту” деп аталған бастамасы оңтүстік өңірдегі кәсіпкерлікпен айналысатын ағайынның ынтасын арттырғандай. Алдағы уақытта да осы бастама негізінде әр өңірде іргелі жұмыстар атқарылмақ. Өйткені Елбасы бастамасы – жарқын болашақ кепілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2042