Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3196 3 пікір 21 Мамыр, 2019 сағат 15:12

Олар Парламенттен мандат алуға үмітті ме?

Қазақстандағы президент сайлауы науқанының екінші аптасының алғашқы күні Украина президенті В.Зеленский туы астында өтті десек қателеспеспіз...

Енді қаласақ та, қаламасақ та ойлы сайлаушы үміткердің барлығын Зеленскиймен салыстыратын болады..

Хош, сонымен бүгінгі күні үміткерлердің арасынан тұщымды әңгімені Төлеутай Рахымбековтен естідім..
Шетке кетіп жатқан Қазақстандықтар туралы билік басындағылардың көңіліне тимейтіндей алыстан орағытып келіп, нақты себептеріне де тоқталып өтті. Нағыз саясаткер...
Келесі президент кім болса да, командасындағы негізгі фигуралардың бірі Төкең болары сөзсіз..

Үміткер Ә.Қосановтың тікелей эфирін кейінге қалдырғанын өзімше, халықтың қолдауын көрген ірі кәсіпкерлер Ә.Қосановты жағалай бастап, солардың бірімен кездескен болар деп болжадым. Келесі аптада приоритетін жасырын болса да өзгертіп, Әміржанға қаржылай көмектесетін кәсіпкерлердің саны артуы мүмкін.

Негізгі үміткерлердің бірі бірінен кейін бір тактикалық та, стратегиялық та қателіктер жіберіп жатқанын байқаған боларсыздар..
Ел алдында сүйкімі кеткен келіншекті кім штабқа қосып, ел алдына шығарды?
Өз үміткерін күлкіге қалдыру үшін бе?
Бұрын айтылғанымен іске аспаған сөзді үміткердің аузына кім салды?

Дегенмен, біз үшін бүгінгі басты оқиға Сәуле Әбілдаханқызы facebook ке шығарған бейнероликтер болды..
Қажыгелдин, Рысқалиевтер мен Ермұрат Бапи, Абзал Құспан, Сәуле Әбілдаханқызын елдің тағдыры байланыстырды десек те, көңілімізде біраз сұрақ қалып қойды.

Құрамында Қажыгелдин мен Рысқалиев бар партия шынымен Парламенттен мандат алуға үмітті ме? Мандат тисе, оның өтеуі не болмақ?
"Дойбышыны" оппозициялық алаңнан мүлдем ығыстыру ма?
Бұл сұрақтардың жауабын алдағы уақытта біліп қалармыз...

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435