Сенбі, 23 Қараша 2024
3018 4 пікір 21 Мамыр, 2019 сағат 17:06

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады

Марат Шибұтов, Айдос Сарым, Андрей Моргунов және т.б. Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары еліміздің өткерген жолы жөнінде, әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдары туралы айта отырып, алматылықтар мен қазақстандықтарды сайлауға қатысып өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.

Әсіресе үндеуде Алматы қаласы – саяси мәдениеті мен тарихы бар еліміздің мәдени, ғылыми, саяси және экономикалық орталығы болып есептелетіндігі айтылған. Мегаполисте Қазақстан тәуелсіздігінің негізі қаланды.

Қазақстан Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жарияланды. Сайлауға қатысатын барлық тараптар мен қатысушыларға үлкен жауапкершілік артылған. Осыған орай Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындарды 9 маусымда өз конституциялық сайлау құқығын қолдануға шақырады. Әрбір азамат сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауын жасау қажеттігін меңзеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437