Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6425 7 пікір 22 Мамыр, 2019 сағат 10:37

Зеленский xалықтың тамырын дөп басты

Зеленскийдің бір ауыз сөзінің салмағы елдегі бүкіл сайлау науқанынан басым түсті. Неге?

Түсіндіре кетейін. Лидердің екі-ақ құралы бар: сөз бен іс. Лидердің сөзі жүректерге жетпесе, сөзі ісімен қабысып жатпаса, лидер ел сенімінен айырылады. Демократиясы кемелденген елдерде ондай лидер билікте ұзақ отыра алмайды.

Осы тұрғыдан келгенде Зеленскийдің сөзі xалыққа жетті. Енді сөзі мен ісінің арасы жақын болса, xалықтың бақытына орай, Украинадағы лидерлік түсінігін жаңа деңгейге көтеріп тастайтын президент болатынына ?пайыз сенімдімін. Халықтың бақытына деп отырғаным, xалық бұдан кейінгі президенттерін де жаңа сапалық өлшеммен өлшейтін болады. Бұдан кейінгілердің өздері де Зеленскийге ұқсауға тырысады. Себебі, Зеленский саяси лидерлік парадигмасын түбегейлі өзгертіп жіберді. 

Гарвардта Обаманың спичрайтері Степан Крупиннен сабақ алдым. Жалпы Америкада сөз жазу өнер деңгейінен өтіп, ғылым деңгейіне жеткен сала. Халықтың жүрегіне жетердей сөз жазудың амал-тәсілдері бар. Курс барысында АҚШ президенттерінің негізгі спичтерін бүге-шігесіне дейін талдадық. Курс қорытындысы бойынша сөз жазудан жарыс өтті. Сабақ алып жүрген студенттер түгел қатысты. Сөйтіп сөздер дауысқа салынды. Мақтанғаным емес, мен жазған сөз ең көп дауыс жинады.

Сөз жазудан сабақ алған адам ретінде айтарым, Зеленский xалықтың тамырын тапты және өз сөзімен дөп басты. Енді ісіне береке бергей!

Шыңғыс Мұқанның facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406