Сенбі, 23 Қараша 2024
2685 0 пікір 22 Мамыр, 2019 сағат 10:43

Мемлекет басшысы «iKomek» қоғамдық қабылдау жұмысымен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «iKomek» қоғамдық қабылдау жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Мемлекет басшысына «109 Call-орталығы» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы және «Ашық әкімдік» жобасының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мониторинг және шұғыл әрекет ету ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше «iKomek» орталығының тәжірибесін республиканың барлық өңірлеріне кеңінен тарату қажет.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму саласына қосқан үлесі үшін «Милх» ЖШС-нің директоры Сергей Блокты, Рудный қаласы ауруханасының бас дәрігері Талғат Қайкеновты, «Алюминстрой» ЖШС-нің директоры Абай Мұқановты, «ГРИН» Қостанай облысы азаматтық альянсы» қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаеваны және білім беру саласының ардагері Станислав Щегельскаяны алғыс хаттармен марапаттады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407