Сенбі, 23 Қараша 2024
3479 7 пікір 22 Мамыр, 2019 сағат 13:17

Сыр аспанында Батырхан Шөкеновтің әні шырқалды

Белгілі әнші, Сыр елінің талантты тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері композитор Батырхан Шөкеновтің туған күніне арналған "Ән деп соққан жүрегі» атты вокалды аспапты ансамбльдерінің концерті ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Шарада өңірге белгілі «Сыр самалы», «Мереке» вокалды аспапты ансамблдері өнер көрсетті. Онда Б.Шөкеновтің орындаған әндері мен компазициялық туындылары шырқалды. Сондай-ақ, жеке орындауда республикалық байқаулардың лауреаты Р.Үсенов, Г.Бисекенова, Д.Жамантаев, А.Наукеевалар кеш иесінің «Туған далам» «Гүл Алматы», «Время любви», «Отпусти», «Джулия», «Белая река» сияқты танымал әндерін шырқап, жиылған қауымның қошеметіне бөленді.

Концерт барысында әншінің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, шараға қатысушылар бұған зор белсенділік танытты.

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда қаласында Батырхан Шөкенов атындағы саябақ ашылды. Онда Сыр перзентінің «Отан-Ана» клипіндегі қолында саксофон ұстап тұрған бейнесі алынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,6 метр, мүсіннің биіктігі – 2,2 метр, материалы – қола; тұғырдың биіктігі 1,6 метр

Дәурен Сейітжанұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411