«Аралтұздың» асуы
Аралдың «ақ алтыны» биылдан бастап Қытай нарығына жол тартпақ. Бүгінде «Аралтұз» АҚ-ы 23 өнім түрін шығарып отыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Аталған кәсіпорынның өнімі 2017 жылдан бері Әзірбайжан мен Грузияға экспорттала бастады. Сондай-ақ, өткен жылы алғаш рет укрина нарығына 462 тонна тұз жөнелткен. Кәсіпорын тауар көлемін Украинаға 3 есеге, ал ресейлік нарыққа жолданатын өнім көлемін 20 пайызға ұлғайтуды жоспарланған. Бұл туралы «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев:
– Қазіргі таңда «Аралтұз» АҚ өз өнімінің 65%-ын шетелге шығарады, соңғы 3 жылда Ресей нарығының 13%-ын жаулап алса, Қырғызстандағы үлесі 50%-ды құрайды. 2017 жылы Аралдың тұзы Әзірбайжан мен Грузияға экспорттала бастады. Алдағы уақытта тауар өткізу нарығын кеңейтуді, ал 2019 жылдан бастап Қытай нарығына шығуды жоспарда тұр,- деп атап өтті.
Айта кетейік, индустрияландыру картасы шеңберінде мұнда тұз өндіретін испандық 2 цех іске қосылды. Соңғы жылдары зауыт қайта жаңғыртудан өткен. Тиісінше, еңбек өнімділігін екі есеге ұлғайып, 1200-ден аса жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің жалақысын 60%-ға дейін көбейіп, өнімнің өзіндік құнын 40%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Биылдан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында жұмысшылардың басым бөлігінің жалақысы 26%-ға артқан
Дәурен Сейітжанұлы
Abai.kz