Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
2366 0 пікір 13 Сәуір, 2019 сағат 15:07

Қызылорда қаласында тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі – 70 мың теңгеден басталады

Былтыр наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты Қазақстан Халқына арналған Үндеу жариялаған болатын. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды мақсат еткен аталмыш бастама қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болғаны белгілі. Әсіресе ондағы бірінші бағыт – “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталған бірінші бағыт әр қазастандықтың баспана алуға деген сенімін нығайтқандай болды.

Елбасының осы тапсырмасына сәйкес, өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар да қарқынды. Мәселен, Қызылорда қаласында “Бәйтерек” деп аталатын шағын ауданы бар. Мұнда қазір әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж жандарға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр. Ал, өңірдегі көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен “Баламекен” жобасы қолға алынған. Бұл жоба бүгінде  Болат Өтемұратовтың жеке қорымен бірге өңірде біраз игілікті істерге мұрындық болып келе жатыр.

Бүгінде Сыр өңірінде өте төмен деңгейде өмір сүріп жатқан 150 отбасы аталған шағын ауданда жақын арада баспаналаы болмақ. Ол тұрғын үйлердің 50 і жергілікті бюджет есебінен болса, қалған 100 баспана Өтемұратов қорының демеушілігімен жүзеге аспақ.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, өңірдегі тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі – 70 мың теңгеден басталады. Ал, 65 шаршы метрлік бір пәтердің құны 4,5 миллион теңгені құрамақ. Олардың әрқайсында жатын бөлме, қонақ үй, ас бөлмелері болады. Ол баспаналардың инфрақұрылымдық жұмыстары белгіленген мерзім ішінде аяқталады. Сонымен қатар, ол баспаналардың тұрғындарына 6 сотық қосымша жер телімі берілмек.

Айта кету керек, Қызылорда облысында алдағы уақытта көпбалалы отбасыларға арналған баспаналық бағдарламаларды жүзеге асыруға  3,6 миллиард теңге бөлінбек. Бұл қаржы 470 пәтерлі 10 үй салуға мүмкіндік беретін көрінеді. Ал, осы жылы Сыр өңірінде 1966 пәтерлік 45 көпқабатты тұрғын үй салынбақ. Олардың біраз бөлігі мұқтаж азаматтарға беріледі.

Қазір өңірде “Алтын алқа”, “Күміс алқалы” аналарға үлкен қолдау көрсетілген. Солардың бірі 6 баланың анасы Нұргүл Көпбергенова. Ол бүгінде шаһардағы Жаппасбай батыр атындағы жаңадан салынған пәтерде тұрып жатыр. Нұргүл ханымның айтуынша, қазір өңірде ғана емес жалпы елімізде ел тұрмысының жақсаруы үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ ол, мемлекет игілігін көрген адамның бірі ретінде ел ағаларына алғыс айтты.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде өңірде Қызылорда облысы әкімінің бастамасына орай, көмекке зәру және көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында “Жол картасы” атты 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік жоба қабылданған. Ол жобаға сәйкес, көмекке зәрі отбасылардың меткеп жасындағы балалары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Сондай-ақ, ыстық тамақ пен киім-кешек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Соынмен қатыр, көпбалалы және жәрдемге мұқтаж отбасылардың тұрғын үймен қамтылуы да аталған жобаның негізгі міндеттерінің бірі. Одан бөлек, қосымша әлеуметтік қолдау және мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға баруына жағдай жасау сиятқыбірақатар маңызды жоспарлар бекітілген. Бұл шараларды іске асыру үшін бюджеттен 2 миллиард теңге көлемінде қарадат бөлінбек.

Осыдан екі жыл бұрын, сыр өңірінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арнап облыстық әкімдіктің ұсынысымен аймақтық “Орда” атты “жол картасы” қабылданған болатын. Нәтижесінде, бастапқы 20 пайыздық жарнасыз, 500 сың теңге көлеміндегі кепілді жарнамен баспана алуға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, ол жобаның негізінде өңірдегі апатты деп танылған баспаналардың 474 тұрғыны жаңа пәтерге ие болған. Ал, былтырғы жылы Қызылорда қаласында 14 көпқабатты тұрғын үй, яғни, 604 пәтер ел игілігіне берілген. Бүгінде, мұндағы пәтерлердің әр шаршы метрі 120 мың теңгеден басталады.

Сыр өңірі Елбасы тапсырмасын осылайша жоғары қарқында атқарып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2070