Жұма, 22 Қараша 2024
Әттең... 6657 28 пікір 30 Мамыр, 2019 сағат 12:41

Ислам Әбішев негізсіз жаланың құрбаны боп кетпесін!

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа

АШЫҚ ХАТ

Су ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішев кезекті негізсіз жаланың құрбаны болуда…

Бүкіл ғұмыры ел игілігі жолында ерен еңбек етумен келе жатқан, мемлекет мүддесін қорғауда жанкештілігімен белгілі,  адал да іскер басшы, руханиятқа қамқор рухы биік қайраткер, игілікті істерімен исі қазаққа танымал Ислам Әбішевтың аяқ асты, кенеттен тұтқындалуы елдің төбесінен жай түскендей әсер етті.   Ал Қазақтың атқа мінгендері  құласа, алақайлап  шабатын кейбір басылымдар асыра сілтеп,  жарыса  жазып жатты… 

Оңтүстікті ордалы өлке етуде оңды істерімен көрінген, Өскеменді өскелең қала еткен, су саласын ел мүддесіне жаратып келе жатқан, сол үшін Елбасының талай алғысы мен марапатын иеленген Су ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішевті ел мемлекет мүддесін қорғаушы, іскер де дарынды ұйымдастырушы, алғыр да адал азамат ретінде жақсы біледі. Ол осы қызметке кірісе салысымен,  мемлекет қазынасынан  алдымен 300 миллиард теңгені үнемдегенде жоғары жақ та, қарапайым халық та риза болған еді. Кейін мемлекеттік бағдарламаға бөлінгелі тұрған 1 триллион 500 миллиард теңгенің 1 триллиондайын үнемдегені кезінде баспасөзде көп жазылды.

Сонымен барлығы мемлекет қаржысынан, яғни сіз бен біздің, халық қазынасынан жеке қалталарға жем болғалы тұрған 1 триллион 300 миллиардтай теңгені үнемдеді. Ал өзге мемлекетте мемлекет мүддесін осылай қорғаған бұндай іскер де, адал басшыны маңдайынан сыйпап, марапаттаушы еді… ал бізде тұтқындап отыр…

Бірақ бұл xалық қазынасын қызғыштай қорғап, қыруар қаржыны үнемдеуі Ислам Әбішевтың өзіне де оңай болмай, тым «қымбатқа» түсті. Енді міне, алдағы екі айға жетер-жетпес уақытта зейнет демалысына шықпақшы болып отырғанда, күмәнді біреулердің жала жапқан арызы бойынша ешқандай нақты дәлелсіз кенеттен тұтқындалды… Атпал азамат, қаранар қайраткеріміздің Халық игілігі үшін «Күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, қара терін төккен» күндерінің өтеуі – пайғамбар жасына келгенде, жүрегі ауру, қан қысымы 160-тан түспейтін жағдайда тастай суық тас түрмеде күнін өткізу болып тұр…

1. Бәрі 2012-2013 жылдарыСу ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішевтың Су саласына бюджеттен бөлінер қаржыдан 300 миллиард теңгені үнемдегенінен басталды. Қолдан сусып шығып кеткен миллиардтардың тасасында тұрғандар тас атқылап, талай жалаға ұшырады. Исекең оның бәрінен күйе жұқтырмай, талай тексерістен таза шықты. Соңына шам алып түскендер Исекеңді ақыры жұмыстан кетірді. Соның кесірінен Ислам Әбішев 9 ай жұмыссыз жүрді.

«Аққа құдай жақ» дегендей, ақыры кімнің кім екенін бәрімізден жақсы білетін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Су ресурстарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» одан үш есе арзан, есесіне бірнеше есе жұмыс көлемі  артық балама бағдарлама ұсынған Ислам Әбішевты өзі шақырып алып, өзінің бұрынғы төрағалық төріне қайта отырғызды.

Содан бері Ислам Әбішев елімізді суландыру саласында мемлекеттік бағдарлама қабылдатып, талай жерді суландырып, халық қазынасынан триллионнан аса қаржы үнемдеп, мемлекеттік деңгейдегі менеджер ретінде танылды. Инвестиция тартуда да икемділігін көрсетіп, ауыл шаруашылығы саласына қыруар қаржы түсірді.

2. 2015-2016 жылдарыИслам Әбішев мемлекеттік бағдарламаға бөлінгелі тұрған 1 триллион 500 миллиард теңгенің 1 триллиондайын үнемдеді.Сол-ақ екен, тексеріспен тыныштық бермегендер ақыры тағы бір алаяқтың арызы арқасында «Қазақстан су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры Өмірбек Жампозовты жазықсыз тұтқындады.

Иә, әділетсіз жалаға күйіп кеткен Өмірбек Жампозов  2017 жылы 20 шілдеде Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасы алдында прокуратура қызметкері мен полицейге оқ атып, жаралаған. Содан соң «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандарының қасірет мұражайы алдында өзін атып өлтірді.

3.. Ал 2018 жылы Су ресурстары комитеті «ҚазСуШар»  Алматы филиалы директоры Сейілхан Мұхамедиев Мырзаханұлы тергеушілердің  тергеуі үстінде 4-ші қабаттан секіріп кетіп, жұмбақ жағдайда қайғылы қазаға ұшырады…

Су шаруашылығы басшыларын «аулаудың» ақыры міне,  Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің өзіне жетіп,   негізсіз тұтқындауға келіп тірелді…

4. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдағанда, суармалы егіншілік жерлерін 1,4 миллионнан 2 миллион гектарға арттыруды жалғастыру, сондай-ақ, егістік алқаптарын әртараптандырудың қажеттігін тапсырды.

Міне, мемлекет басшысы баса назар аударғандай, Ислам Әбішевтың басшылығымен соңғы 2018-2019 жылдары 1,4 миллион гектар жерге қосымша  енді бұрын жарамсыз болып келген 610,0 мың га жерді суландыруға барлық жоспарын жасап, кірісіп кетуге дайын тұрған болатын…  Ал бұл қаншама мыңдаған жұмыс орны  екені белгілі.    

Екі айдан соң  зейнетке шығатын Ислам Әлмаxанұлы xалық қазынасын – мемлекеттік мүддені қалай қорғаса, Ұлттық мүддені де қорғауда  да сондай табандылық танытып жүреді.  Өзі әкім болған үш жылда үлгілі де, өскелең қалаға айналдырып жіберген Өскеменнің көркін ғана көркейтіп кеткен жоқ, экономикалық-әлеуметтік деңгейін де биік көтерді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменге бір келгенде Ислам Әбішевтың еңбегіне қатты риза болып, «Өскеменді  лезде өзгертіп жіберіпсің» деп, арқасынан қағып кеткен болатын.

 Сондықтан да Ислам Әбішев қызмет бабымен Астанаға ауысарда қаланың тайлы-тұяғы қалмай, сүйікті әкімін шығарып салушылар әуежайды басып қалды… Бұл оқиғаны жергілікті орыс тілді газеттер «Өскемендіктер найзамен қарсы алған әкімді көз жасымен шығарып салды» деп жазды.  

Исекең мемлекет мүлкі, халық қазынасы түгілі ешкімнің ала жібін аттамайтын, қиналғанға  астындағы жалғыз атын түсіп беріп кете беретін ақ көңіл де, адал, иманды, зады зиялы жан.  

Енді міне,  мемлекеттің триллионнан аса  қаржысын үнемдеп, халық қазынасын қорғап, ел игілігіне еңбек еткен  Ислам Әбішевтің тағы да тосқауылға тап болып, дәлесіз-дәйексіз тас түрмеде күн өткізіп,  қамауда жатқанын қалай түсінуге болады?

Ал тапсырыс беруші кім болуы мүмкін? Дәу де болса, Ислам Әбішевтың мемлекет қаржысынан үнемдеген миллиардтары жанына қатты батып кеткен шонжарлар болуы мүмкін… «Аққа құдай жақ» дегендей, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Ертең тасадан тас атқыштар да істеген істеріне Ар алдында да, Заң алдында да, ең бастысы Алла алдында жауап береді.

«Қазақ үні» газеті мен ұлттық порталында жарияланған «ТРИЛЛИОН ҮНЕМДЕСЕҢ – ТҮРМЕГЕ ТҮСЕСІҢ» атты мақаланы бір күнде он мыңға жуық адам оқып, әлеуметтік желіде қаншама адам бөлісіп, қаншама оқырман пікір жазып, айтулы азаматты айқын қолдап, өз үндерін қосуда.

Біз, Ұлт зиялылары, елі үшін еселі еңбек етіп келе жатқан еріміз Ислам Әбішевтың ісі әділ де, оң шешілуін, жазықсыз азамат жала құрбаны болып, бекерге күйіп кетпеуін сұраймыз. 

Құрметпен, ұлт зиялылары:

Мәтінді толық оқыдым, қолдаймын  және қолымнан бас тартпаймын:

Қабдеш Жұмәділов,  жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Сәбит Досановжазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты;

Дулат Исабековжазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Нұрғали НүсіпжановҚазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Төлен Әбдік, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Бексұлтан Нұржекеев, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Смағұл Елубай, жазушы, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері,

Темірхан Медетбек,  ақын,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Рафаэль Ниязбек,  ақын, «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының лауреаты;

Исраил Сапарбай, ақын,Тәуелсіз Тарлан – Платина сыйлығының лауреаты, «Парасат» ордені иегері;

Тұрсын Жұртбай, жазушы, алаштанушы;

Төлеген Мұхаметжанов, композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Талғат Теменов, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Ұлықбек Есдәулетақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері;

Есенғали Раушанов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері;

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Көпен Әмірбек,  «Ара» газетінің  бас редакторы, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Сембек Жұмағалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Ақжол Мейірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Нұрлан Өнербаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Дандай Ысқақ,  филология ғылымы докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының  академигі;

Мырзагелді Кемел, экономика ғылымы доқторы, профессор;

Құлбек Ергөбек, филология ғылымы докторы, профессор,

Бақыт Сарбалаұлы,  сыншы,  Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Жанғали Жүзбай,  күйші, КР Еңбек сіңірген қайраткері;

Ханбибі Есенқарақызы, ақын, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Марат Тоқашбай, журналист-жазушы,  «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы, ҚР Педагогика ғылымы академиясының корреспондент мүшесі;

Ұлықпан Сыдықов, техника ғылымы докторы, профессор;

Дариға Тұранқұлова, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Бағдат Сәметдинова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Бахтияр Тайлақбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Гүлнар Сихымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Марат Ильясов, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Марат Омаров, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;

Нұрлан Байкөзов, композитор, Қазақстанның Мәдениет қайраткері;

Гаухар Балтабаева, филология ғылымы докторы, профессор;

Ғалым Жайлыбай, ақын, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Секен Тұрысбековкүйші,Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері;

Ертай Ашықбаевақын-журналист, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Бауыржан Қарабек, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Қасымхан Бегманов, ақын, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Ертай Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетiнiң бас редакторы;

Ермұрат Бәпи, журналист,  «Дат» жобасының жетекшісі;

Серік Жанболат, журналист, «Алаш айнасы» порталы Бас редакторы;

Бауыржан Жақып,  ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары,  М.Мақатаев атындағы  сыйлықтың лауреаты; ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі;

Қазыбек Иса,  ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық С. Есенин атындағы сыйлық – «Алтын Күз» ордені иегері, ЮНЕСКО Әлем өнері мен мәдениеті академиясының академигі;

Маралтай Райымбекұлы, ақын, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері,  Халықаралық  Алаш сыйлығының лауреаты;

Бақыт Беделхан, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары,  Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты;

Бауыржан Бабажанұлы,  ақын-журналист, «Ақтөбе» облыстық газетінің бас редакторы;

Дәурен Қуат, жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы;

Абзал Құспан, заңгер, адвокат;

Жұбаныш Жексенұлы,  әнші, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері;

Елена Әбдіхалықова,  әнші-сазгер, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері;

Лұқпан Жолдасов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Медеу Арынбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Жанар Айжанова, әнші,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Бақыт Шадаева, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Жеңіс Ысқақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Жеңіс Сейдоллаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Болат Құсайынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Алтынай Жорабаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Маржан Арапбаева, әнші, «Азия дауысы» байқауының жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Саят Медеуов, әнші,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Гаухар Әлімбекова, әнші, Халықаралық байқаулардың жүлдегері;

Алма Аманжолова, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Қалдыбек Құрманәлі, композитор, «Құрмет» орденінің иегері;

Асқар Наймантаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Мұхаметжан Мырзакеев, Қазақстанның Мәдениет қайраткері;

Гүлбаушан Тілеубекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Данагүл Темірсұлтанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Ұлан Нүсіпәлі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Дархан Дайырбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Асқар Жүнісбеков, әнші, «Жас қанат» байқауының лауреаты;

Қайрат Түнтеков, әнші, «Суперстар» жобасының жеңімпазы;

Дәулеткерей Кәпұлы,  ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасы, Қазақстанның  Еңбегі сіңген қайраткері;

Мырзан Кенжебай,  ақын, «Мәдениет» журналы бас редакторының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері;

Алмас Ахметбекұлы, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері;

Құлтөлеу Мұқаш, журналист-жазушы, «Қазақ үні» газетінің Бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты;

Берік Бейсенұлы, журналист,  «Қамшы.кз» сайтының Бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты;

Сәуле Әбілдаханқызы, тележурналист, блогер  «Астана-Ақжүніс» журналының Бас редакторы;

Мағауия Қозбағаров, «Тамашаның тарланы, «Күлкістан» театрының директоры, продюсер;

Есқайыр Бабаханов, «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының директорының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Болат Бөкенов, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Сая Махамбет, әнші, Халықаралық байқаулардың жеңімпазы;

Ерғали Әбдірайымов, «Жігіттер» тобы продюсері;

Есен Елеукен, «Жайдарман» КВН жобасының продюсері;

Нұрлан Еспанов, әнші, композитор;

Өктем Алтаев, әнші-сазгер, Қазақ өнерінің қайраткері;

Бақытжан Қажымұқанов, әнші, композитор;

Әділхан Қабылов, Тамашаның тарланы;

Өмірзақ Ақжігіт, тәуелсіз журналист;  

Серік Мәмбетов, тәуелсіз журналист;  

Қажымұқан Ғабдолла, «Жүздесу» газетінің бас редакторы, «Қазақ елі» қоғамдық ұйымы төрағасы;

Дастан Елдесов, журналист,  ҚР Ақпарат ісінің үздігі;

Бақытжан Алдияр, ақын, Халықаралық  Алаш сыйлығының лауреаты;

Сәкен Сыбанбай, журналист,  ҚР Ақпарат ісінің үздігі;

Әлібек Шегебай, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облыстық  филиалы төрағасы, Қазақстанның «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты;

Бекжан Әшірбаев, журналист,  ҚР Ақпарат ісінің үздігі;

Нартай Өтегенов, тележурналист,  ҚР Ақпарат ісінің үздігі;

Серік Сейітман, ақын, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты;

Азамат Тасқараұлы,  ақын, Qazaquni.kz  порталы Бас редакторы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;

Төлемырза Темірбекұлы, журналист, «Төртінші билік» газеті Бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері;

Нұргелді Әбдіғаниұлы, «Abai.kz» ақпараттық порталы Бас редакторының орынбасары, Ақпарат саласының үздігі;

Сәлия Әбдікәрімова, журналист, «Жұрағат» журналы Бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері.

Зейнолла  Абажан, журналист, ҚР Ақпарат ісінің үздігі;

Гүлмира  Садық,  журналист, Республикалық байқаулардың жүлдегері;

Батырхан Сәрсенхан, ақын, журналист, Республикалық  «Шабыт» фестивалының Гран При иегері;

Геройхан Қыстаубай, тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі;

Әуелхан Шонжан, блогер, қоғам белсендісі;

Алтынбай Мұса, ҚР Мәдениет қайраткері;

Мәмбет Құрманбаев, блогер, қоғам белсендісі;

Жасұлан Иса, заңгер,  тіл күрескері;

Мұқағали Балқыбай, қоғам белсендісі, тіл күрескері;

Тәшман Шекеров, әнші-термеші, ЮНЕСКО «Ұлттық өнер жанашыры» марапаты иегері;

Әбдіғаппар Айдаров, әнші-термеші, Халықаралық  термешілер конкурсы  байқауының лауреаты, ЮНЕСКО «Ұлттық өнер жанашыры» марапаты иегері;

Әкім Мұсақұлов, әнші-сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері;

Тұрғанбек Қанаев, ақын, ҚР Журналистер одағы мүшесі;

Нұрғали Ибрайым, педагог, ақын, Республикалық мүшәйралардың жүлдегері, ҚР Журналистер одағы мүшесі;

Әбдімәлік Ағыбай, журналист, ҚР Журналистер одағы мүшесі;

Нұрмахан Қары, журналист-баспагер, ҚР Журналистер одағы мүшесі;

Ораз Момын, кәсіпкер,  қоғам белсендісі;

Сәбит Лахан, журналист, ақын, Республикалық мүшәйралардың жүлдегері;

Құрбанбек Шәмет, ақын, ҚР Журналистер одағы мүшесі;

Бегайдар  Смадиярұлы, ел ағасы, ауыл биі;  

Жұмабай Исым, ел ағасы, ауыл биі;  

Ұлмекен Лесбек, журналист, ақын, Республикалық мүшәйралардың жүлдегері.

 Барлығы  131 адам  қол қойған. Қол қою жалғасуда.

Қосымша: Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға әркім құқылы. Жоғарыдағы спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді. Алдағы уақытта мақалада есім-сойлары аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін беруге әзірміз. 

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282