Жұма, 22 Қараша 2024
3596 3 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 11:25

Дәурен Абаев кандидаттардың сайлауалды теледебатына қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында 29 мамырда өткен сайлауалды теледебатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарлама жүргізушісі министрге «Үш кандидат қатыспаған теледебатты табысты өтті деп есептеуге бола ма?» деген сұрақ қойды.

«Менің ойымша, дебат ойдағыдай өтті, кейбір кандидаттар қатыспаса да, олардың өкілдерімен мәселе болған жоқ. Сенімді өкілдер ретінде жай адамдар келген жоқ, үш партияның жетекшілері келді. Дебатқа қатысудың да ерікті түрде жүргізілетінін ескерген жөн. Кандидаттың атынан сенімді өкілдің дебатқа қатысуы - әлемде бар тәжірибе. Оның себептері де әртүрлі болады. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сияқты кандидат бос болмауы мүмкін. Президент ЕАЭО жоғарғы экономикалық кеңесінің отырысына қатысты», - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, кейбір кандидат дебатты тиімді құрал деп санамауы мүмкін және оның бағдарламасы мен саяси салмағы қарсыластарынан асып түсіп жатады. Сондықтан, пікірталасқа түспеуді ұйғарады. Әлемде мұндай тәжірибе көптеп кездеседі.

«Кандидаттардың тікелей эфирге шығып сөйлеуі дебат үшін тиімді болды. Бұл оқиға қоғамдық талқылау жүргізу мен өз ұстанымын қорғай алудың маңызды екенін көрсетті. Мұнда барлық қатысушының нақты тұжырымдалған мәселелер тізімінің болғанын атап өткен жөн», - деді министр.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенттігіне үміткерлер арасында телевизиялық пікірталас өтті. Кандидаттар үш раундта сұрақтарға жауап беріп, өз бағдарламаларын таныстырды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5278