Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Экономика 8422 4 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 13:39

Сыр жастары жемқорлыққа қарсы қозғалыс құрды

Биыл облыста тұңғыш рет жастар слеті ұйымдастырылып отыр. Слетте Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы Жастар қозғалысы құрылды,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Шараны өткізуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болған.

– Слеттің басты мақсаты – қоғамда адалдық, шыншылдық, игілік сынды құндылықтарды қалыптастыруға, қоғамдық сананы тәрбиелеуге жастарды кеңінен тарту. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары адамзаттың осындай ізгі құндылықтарын дәріптеуге, насихаттауға бағытталуы тиіс. Біз, бұл бағыттағы жұмыстарға жастардың әлеуетін пайдалануымыз керек, - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Шараға аймақтың барлық аудандары мен шалғай ауылдарынан делегаттар қатысқан. Жиынында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан «Жемқорлықты жоямыз» ұранымен «Жастар қозғалысы» жастар қанаты құрылды.

– Жастар қозғалысы» жастар қанатының мақсаты - тұрмыстық жемқорлықты жоюға атсалысу, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзбеушілік қағидатын қалыптастыру. Алғашқы кезекте, белсенді жастар қатарынан спикерлер тобын құрып, ЖОО мен колледж студенттері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз және жемқорлықты бірлесіп жеңу үшін замандастарымызды қатарымызға тартамыз», - дейді «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес.

Сондай-ақ, сырбойылық жастар «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобасына қолдау білдіре отырып ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ашықхат жолдады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1287
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2844
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 941
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 881