Жұма, 22 Қараша 2024
11891 3 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 11:24

Қызылордада тарихи-мәдени ескерткіштер қорғау қарқынды жүруде

Сыр өңірінде тарихи және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, зерттеу, қорғау және насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қызылорда облысында 2013 жылы аймақ басшылығының қолдауымен тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Бүгінге дейін олар тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру, зерттеу, қорғау, насихаттау бағытында бірқатар шаруаларды атқарған.

Мәселен, жыл басынан бері облыста 20 ескерткіш қайта жаңғыртудан өткен. Атап айтқанда, Қорқыт ата ескерткіш кешені, облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті, облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қалқай ишан кесенесі, Қалжан ахун мешіт-медресесі, Мырзабай ахун жерлеу кешені, Бауырластар бейіті, Ә.Молдағұлова, Ә.Егізбаев, С.Қожанов, Т.Жүргенов, З.Шүкіров, Ы.Алтынсарин мүсіндері облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған. Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы, Саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қалалық бюджет есебінен жүзеге асса, Марал ишан кесенесі Қармақшы аудандық бюджеті есебінен жүргізілді.

Өткен жылы «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде демеушілердің көмегімен 4 ескерткіш қайта қалпына келтірілді», - дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.

Бүгінгі таңда облыста жедел қайта жаңғыртуды қажет ететін архитектурасы ерекше 11 кесене мен мұнара бар. Сонымен қатар, осындай 62 ескерткіш қайта жаңғырту және консервациялауды қажет етеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279