Биыл «Қамбашта» 1100 бала тынығады
Биылғы «Қамбаш» тынығу лагерінде 1100 оқушы тынығатын болады. Күні кеше олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында балалардың жазғы демалыс маусымының ашылу салантты өтті,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Шараға ҚР білім министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Бақыт Әлібаева және облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, Арал ауданы әкімінің орынбасары Мерей Мейірбеков қатысты. Сонымен қатар Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Сала басшылары балалардың қауіпсіздігі қамту, сондай-ақ, тәлімгерлерге тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараға қатысушылар оқушылардың қолөнер бұйымдарының және робототехника көрмесін тамашалады.
Фестиваль мерекелік концертке ұласып, бүлдіршіндер шарларға ақ тілектерін жазып, көкке ұшырды.
Бүгінгі күні бірінші ауысымда 130 бала қабылданып, тынығуда. Лагерьде футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, робототехника үйірмелері және «Темірші» дебат клубы мен «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы балалардың демалысын қызықты өткізуге ат салыспақ.
Естеріңізге сала кетейік, облыс көлемінде 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагері жұмыс істейді. Аталған орталықтарда биыл 10 мыңға тарта бала демалыспен қамтылуы жоспарланған.
Abai.kz