Жексенбі, 24 Қараша 2024
3326 0 пікір 7 Маусым, 2019 сағат 15:27

Исмоилов: Елбасы бүкіл өмірін ел игілігіне арнап келеді

Қазақстан Мәжілісінің спикері Нұрлан Зайроллаұлы Өзбекстанға ресми іс-сапармен барды. Сапар аясында Өзбекстанның негізгі Заң шығарушы палатасы саналатын Олий Мәжілістің спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар жағдайын талқылады. 

Қазақстан да, Өзбекстан да Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекеттер саналады. Кеңес үкіметі ыдырап, бұрынғы одақтас елдер Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардан бері қазақ-өзбек қарым-қатынастары жаңаша сипатта орнай бастады. Сөзіміз сұйық шықпас үшін айтайық, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты орнатуға бағытталған алғашқы келісім 1992 жылдың маусымында қабылданған. Осы 27 жылдың ішінде мемлекеттер арасындағы байланыс үзілген емес.

Тіпті, мемлекетаралық ынтымақтастықты қайта жандандыру мақсатында 2013 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев арнайы Астанаға келген. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық өәм мәдени байланыстар жолға қойылған.

Осы жолға сапар барысында қазақ-өзбек достығын тілге тиек еткен Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мемлеетаралық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жайын сөз етті.

"Мәжіліс делегациясының сапары стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қарым-қатынастардың дамып келе жатқанын тағы бір рет дәлелдей түседі", - деді Нұрлан Нығматулин.

Өзбекстан Мажлисі спикері Нурдинжон Исмоилов Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын орнатудағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті.

"Қазақстан әлемдегі тарих пен мәдениетке бай елдердің бірі саналады. Біз Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен Қазақстанның табыстарына қуаныштымыз. Сіздің Елбасы бүкіл өмірін қазақстандықатрдың игілігіне арнап келеді", – деді.

Мәжіліс спикері Нығматулин Өзбекстанда қолға алынып жатқан келелі реформаларды жүзіге асыру мен заңдық тұрғыдан қамтамасыз етудегі депутаттардың жұмысына тоқталды. Сондай-ақ, депутаттық корпустар арасында тәжірбие алмасу туралы ұсынысын жеткізді.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Өзбекстандық әріптестерін Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» атты  Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне қатысуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583