Халықаралық даму институттары мен инвестициялық компаниялардың болжамы бойынша ҚР ЖІӨ 2009 жылы 1,3% төмендейді - ҚЭҚ
Алматы. 17 маусым. ҚазТАГ – Түрлі халықаралық даму институттары мен инвестициялық компаниялардың орташа болжамдарына сәйкес, Қазақстанда ЖІӨ-нің 1,3% теріс өсімі күтіліп отыр. Қазақстан экономистері қауымдастығының (ҚЭҚ) сайтында осындай ақпарат жарық көріп отыр.
16 компания мен даму институттарының жиынтық мәліметтері бойынша, 2009 жылдағы ЖІӨ өсімі бойынша болжамдар Азия даму банкінің (плюс) 2 пайызынан қазақстандық «Халық Финанстың» (минус) 6 пайызына дейін құбылып отыр. Fitch және Standard & Poor`s рейтингтік агенттіктерінің ЖҢӨ болжамы тиісінше 3% және 3,5% құрап отыр.
Келтірілген болжамдарға сәйкес ЖІӨ-нің номиналды көлемі орташа алғанда $99,4 млрд құрайды, бірақ болжамдар EIU-ның $89,6 млрд-тан Bank of America Merrill Lynch Research $111,4 млрд-қа дейін құбылып отыр.
Тұтынушылық инфляция бойынша орташа болжам 9,6% құрайды. Ықтимал ауытқулар Citi Investment Research and Analysis (CIRA) 6 пайызынан, ING Wholesale Banking-тің 14,1% дейін.
Бір де бір ұйым Қазақстанда 2009 жылы төлем балансының ағымдағы есебінің профицитін болжап отырған жоқ. Сыртқы сауда дефицитінің болжамы Азия даму банкінің 0,5 пайызынан CIRA-дің 10,7 % дейін.
Еске сала кетейік, ҚР үкіметінің болжамы бойынша, Қазақстанда 2009 жылы ЖІӨ өсімі 1%, инфляция 9% құрайды.