Жексенбі, 24 Қараша 2024
3141 0 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 18:33

Жастарға жасалған жәрдем

Қазіргі таңда Қызылорда облыста 5118 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың 85 пайыздан астамы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған кәсіпкерлік субъектілерінде 93 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов хабарлады.

Басқарма басшысының сөзінше, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткен жылы әртүрлі қаржы көздерінен 32 млрд теңге тартылса, оның 3 млрд теңгесі стартап жобаларға бағытталған көрінеді. Биыл өңірде бизнесті өрістету үшін 34 млрд теңге бөлінген.

– Оның ішінде, 5 млрд теңге мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдауға, қайтарымсыз гранттар беруге және шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, өңірде 2013 жылдан бері «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беру жүргізілуде. Айта кететін жайт, кәсібін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға басымдық берілетін болады. Бағдарлама талаптарына сәйкес жобаны іске асыру үшін сұралатын грант қаржының 10 пайызы мөлшерінде өзінің үлесін қосуы немесе кәсіпкер қаржылай немесе жылжымайтын/жылжымалы мүлікпен қатысып, міндетті түрде жұмыс орнын құруы қажет. Қайтарымсыз грантты алу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негізде білім алуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, оқудан өткендігі жөнінде сертификат 2 жыл мерзімге ғана жарамды.

Қазіргі таңда мемлекеттік гранттар беру конкурсы бойынша облыста 381 кәсіпкер жалпы құны 398 млн теңге қайтарымсыз қаражатқа ие болған. Гранттар беру конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау 10 маусымнан басталып, 21 маусымға дейін жалғасады. Оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 31 млн теңге, «Жастар жылы» аясында 21 млн теңге жас кәсіпкерлерге қаралған.

Мамандардың сөзінше, өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және салықтық базаның ұлғаюына ықпал етпек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598