Жексенбі, 24 Қараша 2024
2857 2 пікір 20 Маусым, 2019 сағат 10:44

БҰҰ Сауд Арабияны журналист Хашоггидің өліміне айыпты деп тапты

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Аньес Каламар саудиялық журналист Жамал Хашоггидің өлімінің себебін зерттеу қорытындысын жариялады.

Оның сөзінше, түрік арнайы қызметі БҰҰ сарапшыларына Стамбұлдағы Сауд Арабия елшілігіндегі оқиғаның аудиожазбасының көшірмесін жіберген. "Бұл жазба Хашоггидің Сауд Арабия жоғары лауазымды тұлғалары тарапынан алдын ала жоспарланған қатыгездікпен жасалған өлімнің құрбаны болғанын көрсетеді",– деп атап өтті Каламар.

БҰҰ Эр-Риядты журналист өлімін таза тергемеді деп айыптады. Каламар қылмысқа жауапты Сауд Арабия билігі деп, олар Хашогги отбасынан кешірім сұрауы тиіс деді.

Бұл баяндамадан кейін бірқатар мемлекет Сауд Арабияның билік өкілдеріне санкция жариялауы мүмкін. Олардың арасында тақ мұрагері Мохаммед бин Салман да бар.

Жамал Хашогги 2018 жылдың қазан айында қаза тапты. Оның денесі сол күйі табылмады. Ол Стамбұлдағы Сауд Арабия консулдығына барғаннан кейін, оны ешкім көрмеген. Ал Сауд Арабия билігінің тергеу нәтижесі бойынша, журналист консулдық қызметкерімен сөзге келіп, абайсызда қаза тапқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588