Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1930 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 19:11

Әблязов лондондық форумға байкот жариялауға шақырса, Солодченко оған қатысып отыр

Лондон. 17 маусым. ҚазТАГ– «БТА Банктың» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың шет елдік инвесторларға «Қазақстан: өсудің жаңа белесі» халықаралық форум жұмысына байкот жариялауға шақырған үндеуін бизнес қауымдастық елемеді.

Әр түрлі себептермен форумға, алдын мәлімденген қазақстандық энергетика және минералды ресурстар, индустрия және сауда министрліктерінің, сонымен қатар Алматыдағы Республикалық қаржы орталығының бірінші жетекшілері келе алмаса да, «Мариотт» отелінің конференц-залында форум ашылғанда орын жетпей де қалды. 

Форум жұмысының бірінші күні Қазақстанға деген қызығушылық жоғалмағанының айқын көрінісі болды. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко қызықты баяндама жасап, инвесторлардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар форумда Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі Қайрат Әбусеитов, «Самұрық-Қазына» ұлттық холдинг басқарма директоры Айдын Кәрібжанов, «ҚазМұнайГаз» БӨ»-дің бас директоры Кенжебек Ибрашев баяндама жасады.

Айтпақшы, форум жұмысында «БТА Банктың» бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко қатысты. ҚазТАГ тілшісінің: форумға тіркелуде қиындық туындаған жоқ па? – деген сауалына, Роман Владимирович: «Алдымен ұйымдастырушылар маған телефон шалып, менің мұнда келуімді Марченко мырзаның қаламағындығымен байланыстырып, форумға қатыспауымды сұрады. Бірақ мен кейін Григорий Александровичтің бұған еш қатысы жоқ екенін білдім. Маған форум жұмысына қатысу қызықты. Қазір мен консалтингтік қызметпен айналысамын, және маған Қазақстанда не болып жатқаны қызық», - деп жауап берді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555