Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3110 5 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 12:05

Прагадағы наразылық

Прагада тағы да наразылық! Халықтың бірнеше айдан бері көңілі алаң. "Үкімет басшысы Еуропа одағы берген ақшаны талан-таражыға салды, орнымен жұмсай алмады" дейді. Үш апта бұрын қаладағы Вацлав алаңына 120 мың адам жиналып, премьер-министр Андрей Бабиштің қызметтен кетуін талап еткен. Сол кезде соңғы 30 жылдағы ең үлкен наразылық жиыны деп баға берген.

Бүгін Летна деген паркке кеп жатыр. 250 мыңдай болды дейді. Қызығы - паркте түскі 12 кезінде елу-алпыс дәрігер мен жасыл жилет киген бір топ адам (журналистерге ұқсамайды) жүрді. Дәрігерлері түсінікті. Ал жилеттілердің жайын кейін білдім. Олар наразылыққа келгендерге жол сілтеуші, қай жерге бару, қайда тұру керек екенін түсіндіруші еріктілер екен.

Сағат 13 шамасында полиция жиналды. Біздегідей бетін жапқан, маска кигендерін көрмедім. Көбінің жүзі ашық, беті жарқын. Ал демонстрацияға қатысушылар сағат 14 шамасында келе бастады. Нөпір xалық. Жер қайысады. Самсаған "сары қол". Чеxияның бүкіл қаласынан келіпті деседі. Қалааралық автобустар мен пойыздарға билет бір апта бұрын таусылып қапты. Жиналғандардың бәрі де көңілді деуге болады. Түнерген, қорыққан ешкімді байқамадым. Құдды бір тойға келгендей. Баласын ерткен, жетектеген, сүйреген ел. Кәрі-жасы аралас. Қолынан келгені үлкен баннер, келмегені бір параққа өз пікірін жазып алған. Агрессия да жоқ. Біреуді біреу жұлқылаған, сабаған немесе балағаттап жатқандарын да байқамадым.

Наразылыққа шығудың мәдениетін жақсы меңгеріпті. Ең негізгі талап - Бабиштің орнынан кетуі. Ал Чеxиядағы ең бай екі адамның бірі Бабиш кеткісі келмейді. Жүре тұрғысы бар билікте. Екі жылы бұрын ғана келіпті бұл орынға. Ол наразылықтар туралы "Чеxия xалқы тоңып емес, тойып секіріп жүр" депті.

P/S: Наразылыққа арнайы бармадым. Отбасыммен паркте қыдырып жүргенде көргенім. "Полиция бәрін ұстап әкетуі мүмкін" деген сіңіп қалған үрей ме, әлде шынымен шаршадық па, кешке қарай үйге тезірек қайтып кеттік. 

Нұрбек Түсіпханның facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570