Жұма, 22 Қараша 2024
2985 0 пікір 4 Шілде, 2019 сағат 11:17

АҚШ Қазақстанды Сириядан азаматтарын қайтару тәжірибесімен бөлісуге шақырды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2 шілдеде Вашингтонға ресми сапармен барған Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

"Мемлекеттік хатшы Қазақстанның өз азаматтарын Сириядан отанына қайтару мен оларды реинтеграциялау жолындағы көшбасшылығын жоғары бағалады және Қазақстанды басқа елдермен тәжірибесімен бөлісуге шақырды" деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагустың айтуынша, Ауғанстандағы бейбітшілікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның қолдауын атап өткен Помпео (Қазақстандағы) жаңа үкімет тұсында да екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуды жақтаған. Ортагустың сөзінше, Помпео бұған қоса Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарының саяси процестерге араласу және негізгі бостандықтарын қорғаудағы белсенділігі артып келе жатқаны туралы айтқан сөзін құптаған.

Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі биыл ақпанда сыртқы саясат мекемесі басшылығына тағайындалған Атамқұловтың АҚШ-қа алғаш рет сапармен барғаны туралы хабарлаған.

Биыл мамырдың соңында Қазақстан үкіметі Сириядан арнайы операция аясында жүздеген қазақстандық азамат пен олардың балалары елге жеткізілгені туралы ақпарат таратқан. Биліктің мәліметі бойынша, үш кезеңнен тұрған "Жусан" операциясы аясында Сириядан 357 бала елге оралған.

Қазақстан билігі Таяу Шығыстан қайтарылған ондаған адамның үстінен "террорлық іс-қимылға қатысқан" деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған.

2018 жылы шілдеде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321