Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4838 5 пікір 5 Шілде, 2019 сағат 13:12

«Nur Otan» партиясының туын жұлып алмақ болған жас жігіт xалықтан кешірім сұрады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласында өткен бейбіт митингке қатысты.

Ол партияның Арыстағы ағайынға қолдау көрсету мақсатында қолға алған игі бастамаларына кедергі келтіріп, барлық жұмысты жоққа шығарғысы келетін арандатушылардың бар екеніне назар аударып, халықты ондай арамзалардың соңынан ермеуге шақырды.

Бейбіт шеруге арандатушылардың айтағымен көшеге шығып, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының алдындағы партия туын жұлмақ болған жас жігіт Ниязбек Ерлан да қатысты. Ол өзінің сол күнгі әрекетіне қатты өкінетінін айтып, барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Іс-шарада қалалық мәслихат депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және жергілікті белсенді азаматтар да елдің арасына іріткі салып, халықты арандатып жүрген алаяқтарға қарсы пікірлерін ашық айтты.

Шара соңында партияның туы көтерілді.

;feature=youtu.be

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1254
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2784
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 904
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 852