Біздің билік басындағылар ойлану керек...
"Елу жылда - ел жаңа.
Жүз жылда - қазан"..
Атасы жазғы демалыста кітапты қозы бағып жүріп оқушы еді..
Қазір мүлдем басқаша..
Ауламызда "Смарт-кид" деген бүлдіршіндерге кітап оқытатын орталық ашылған..
Жоғарыдағы мәтелдің екінші қатарын жас күнімде түсінбеуші едім..
"Қазан" деп бізде күзде бақтағы жеміс-жидек таусылған кезді айтады..
Бұл "қазанның" елге не қатысы бар деуші едім..
Оның үстіне КСРО деген бізге мәңгілік болып көрінетін..
ЖОО-да оқып жүргенімде "Саяси коммунизм" пәнінің оқытушысымен пікір таластырып, "Тарихта барлық империялар ыдыраған. Македонский, Аттила, Шыңғыс хан т.с.с. құрған империялар қайда? .. Қалай ыдырайтынын білмеймін, 500-600 жылдан соң КСРО да ыдырайды" деген сөзім үшін басыма біраз проблема сатып алып едім.
500 жыл емес, 5-6 жылдан соң 1991 ж. Кеңес Одағы ыдырағанда әлгі мәтелдің мәнін түсіндім..
Дұрыс ұйымдастыра алмаса кез-келген мемлекет ыдырайды...
Біздің билік басындағылар "Мәңгі ел" деп құр сөзбен құлақтан тебе бермей, ойлану керек..
Оның үстіне қазір тапқан ақшаңның адалдығын дәлелдей алмасаң ешбір ел паналатпайды..
Қытай, Ресей, Беларусь секілді елдердегі тоталитарлық режимдердің де күні жақын..
Оның дәлелі Гонконгтегі шерулер...
Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан
Abai.kz