Зейнетақы қорындағы ақшаны әр азамат өз атына депозит ашып сақтау керек!
Зейнетақы қорындағы ақшаны əр азаматтың өз атына депозит шот ашып беріп сақтау керек. Қазіргі қорды таратса көп шығын болмайды, керісінше мол қаржы үнемделеді. Себебі, осы қорда қаншама адам текке отырып айлық алады жəне админиминистрациялық шығын босқа далаға кетіп жатыр.
Қор қызметкерлері не тындырыпты? Ештеңе. Бұл деген халыққа қиянат əрі нағыз масылдық қой. Ал əр азаматтың өз депозитінде болса ол ақшаның өсімі болады. Оны тобымен алмайтын, тек қамсыз қарттықты қамдайтын тетікпен жұмсайтын етсе.
Сондай-ақ ұрпағына мұраға қалдыратын болса жөн. Ал, қазіргі қор халықтың ақшасын босқа ысыраптап жатыр. Заңды өзгертіп тездетіп қабылдаса, жемқорлықтың да алдын алады.
Қуандық Шамахайұлының facebook парақшасынан
Abai.kz