Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Дат 10459 56 пікір 12 Шілде, 2019 сағат 10:42

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат

Қазақ халқы мен барлық қазақстандықтарға!

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К.Тоқаевқа

ҚР Премьер-Министріне,
Мемхатшыға, Алматы, Нұрсұлтан, Шымкент
қалалары мен облыс әкімдеріне,
Министрлерге, құқық қорғау органдарына

ТШО, КПО(бв), Маңғыстаумұнайгаз,
Ақтөбемұнайгаз, Теміртау-Миттал
т.б. елдегі 8 мың шетелдік компаниялар мен
қаржы институттарына

Құрметті отандастар!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Халықаралық және Елдегі қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтар, зиялы қауым мен азаматтарды біріктірген «Қазақстан Альянсы» қауымдастығы мен елдегі қоғамдық ұйымдар 18 млн қазақстандықтың атынан Арыс қаласының тұрғындарына көңіл айтады және қоғамда қалыптасқан жағдайларға байланысты төмендегіні мәлімдейді:

1. Тиісті стандарттарға сай қару сақтау қоймасының салынбауы мен Арыстағы болған бірнеше жарылысты қоғамда, ұрланған қарудың ізін жасыру үшін Қорғаныс министрлігі және Қауіпсіздік Кеңесінің істеген коррупциялық қылмыстары немесе немқұрайлылығы деп қабылдауда. Сондықтан:
- Отандастарымызды, «әр қазақ жалғызым» деп, арыстықтарға көмек беруге шақырамыз;

- Арыстағы қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға тәуелсіз Комиссия (ресми органдардан 15 және қоғамдық ұйымдардан 15 адамнан) құрылып, бір айда тиісті қорытындысын шығарсын (Қосымша 2);
- Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы өзгертіліп, ол қосымша Арыс-Комиссиясындағы қоғам қайраткерлерімен толықсын (Қосымша 2);
- Өз халқын құпия тыңдау, бақылау үшін РФ ФСБ-ға берген 4 млн доллар қаржыны Арыс қоймаларына бөлгенде ешқандай қайғы болмас еді. Шеттен төтенше жағдай т.б. маман, әскер алдыруға тиым салынсын. Ол елдегі жағдайды қазіргіден ондаған есеге ушықтырады;
- Үкімет, бір аптада зардап шеккен Арыстың әрбір отбасына жасалатын көмекті бекітіп, қыркүйектен қалмай барлық отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, тұрмыс-бизнес істеулеріне толық жағдай жасалсын;

2. Біз, Парламенттік билікке өтіп, азаматтардың құқығы сақталған, әділ әрі демократиялық қоғам орнату т.б. қоғамдағы мәселелерді «майданмен» емес, заңдастырылған бейбіт митинг, шерулер арқылы шешуге қол жеткіземіз. «Желтоқсан-86», «Орал азатық қозғалысы-91» бейбіт шерулерінің ізбасарлары бізге, түбінде халықты бөліп, елді ыдыратып тоздыратын «араб көктемі» емес, азаттыққа бейбіт жолмен жеткен Үндістанның таңдауы тиімді. Ол үшін Ел болашағын ойлайтын барлық күштер біріккенде ғана мақсатқа жетеміз!;

3. Қоғамда қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты ҚР Парламенті мен Үкімет жазғы демалыссыз жұмыс істеп жылдың аяғына дейін:
- барлық заңдар мен Конституцияны БҰҰ адам құқығы туралы декларациясы, ОБСЕ талабы мен халықаралық нормаларға сай түзетіп қабылдасын;
- және соған сай құқық органдары мен сот реформалансын;
- Сот пен прокуратураның биліктен тәуелсіздігі заңдастырылсын;
- Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің азаматтарды саяси көзқарас үшін қудалауы, жеке істеріне араласуына заңмен тиым салынсын;
- Бас прокуратура соңғы Президент сайлауы кезінде полиция т.б. құқық органдары мен соттар тарапынан болған заң бұзушылықты шілде айында қоғамға жариялап, оған жауаптылар жазалансын;

4. Президент жанындағы қоғамдық Кеңес құрамының жартысы қоғамдық ұйым өкілдерінен құралсын (Қосымша 1);

5. Алдағы қыркүйектен бастап ПӘ, Парламент, Үкімет, елшіліктер т.б. мемлекеттік органдардың ісқағаз, жиналыс... барлық шараларын қазақ тіліне көшіріліп, Терминком құрамының 50%-ы қоғамдық тіл жанашырларымен толықсын (Қосымша 3);

6. Пара алған немесе коррупцияға қатысты шенеуніктердің басшылары жауапқа тартылсын. Коррупцияға қарсы күрес республикалық Комиссиясының құрамына қоғамдық ұйымдардан 20 адам және әр облыстан он адамнан енсін) (Қосымша 5);

7. Қазақстан 500-ден астам яғни әлемдегі атом бомбасы ең көп жарылған ел. Өскеменде радиоактивті қалдықтарды жинайтын және Алматыда АҚШ-тың бактериологиялық лабораторияларын ашу теріс шешім болды. Чернобыль мен Фукусимо апаттарынан кейін Франция, Германия т.б. 50-ден астам ел АЭС-дан бас тартуда. Көмірсутегі мен көмірі екі ғасырға жететін және баламалы энергетикадан ЭКСПО өткізген Қазақстанға ешқандай атом стансасының қажеті жоқ. Қазақстандықтар АЭС салуға қарсы және Халықаралық технологиялық Консорциум оның орнына құны АЭС-тан 2 еседей арзан, қуаты сондай, қауіпсіз және экологияға зиянсыз, баламалы станса салуды ұсынады;

8. Шетелге жер сату, не жалға беруге тиым салатын және берілген жерлерді мемлекетке қайтаратын «Жер туралы» заң қабылдансын;

9. Көпбалалылар мен жалғызбасты аналарға берілетін көмекті республикалық бюджетке кіргізіп, олардың мөлшерін 4-5 есеге өсірілсін;

10. Қазақ, ұйғыр, тибет т.б. халықтарға геноцид жасаған Қытайдың саясатын әлем қауымдастығымен бірге айыптаймыз және оны қолдаған Қазақстан билігін әшкерелейміз. Саяси тұтқындар мен 2016ж. «Жер мәселесімен» сотталғандар түгелдей босатылып, Серікжан Біләштің мәселесі оң шешілсін;

11. «Милосердие» қорының басшылары 1986ж. желтоқсанда көшеге шыққан жастарды сапер күрегі, арматурамен ұруға қатысқан жендеттер. Сол қордың басшысы Аружан Саинды Президенттің жеке қабылдауы қоғамда наразылық тудыруда. Бұл қорға «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ т.б. бюджеттен негізсіз бөлінген миллиардтаған қаржының қайда кеткенін Қаржы полициясы мен прокуратура тексеріп, қорытындысы жариялансын;

12. Қазақ, қоғам және жастар ортағасырлық санадағы, күні өткен диктаторлық режимде өмір сүрмейді. Қоғамда қалыптасқан қайшылық пен дағдарыстың негізгі себебі олигархиялық, сатқын билік. Жалпыхалықтық және мемлекеттік мейрамдарынан басқаға бюджеттен қаржы бөлуге және жеке басқа табынуды дәріптейтін көше, қала т.б. аттарын беріп, ескерткіш салуға тиым салынсын;

13. ҚР Үкіметінің «Нұрлы жол», Индустриальдық-инновациялық бағдарлама, «Рухани жаңғыру...», аймақтардағы т.б. жобалары негізінен коррупциялық схема бойынша құрылған:
- 2015-2018жж бюджеттен ұрланып шетелге кеткен 15 трлн тг астам қаржы осы жобалардан ұрланған. Мысалы, Есеп Комитеті инновацияға бөлінген 505 млрд тг басқа мақсатқа жұмсалып, ҚР БжҒМ бөлген 94 млрд... ұрланғанын және осы министрлікте Е.Сағадиевтің кезіндегі сыбайлас жемқорлық анықталуда;
- ҚР БжҒМ ғылыми жобаларының 95% өндіріске енбей архивтерде қалуда, мектеп-университеттердің білім деңгейі ХХғ. екінші жартысында қалған, оқу орындары мен ҒЗИ лабораториялық құралдармен 30-35%-ға жабдықталған, заманауи ғылым мен технология оқытылмайды;
- 1991-2018жж ҚР ИжДМ елде бірде-бір отандық рациональды ұсынысты өндіріске ендірмеді, инновацияның экономикадағы үлесі 0,96% (АҚШ-52%, Швейцария-61%), кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7% (АҚШ-32%...), ҚР инновацияның дамуынан-82, медицина-90, суицидтен әлемде алдыңғы үштікке кіреді...
- «Рухани жаңғыру...» бағдарламасында жүздеген миллионға сакральды Қазақстан яғни «О, дүниелік»-үңгірлік сананы уағыздайтын жобаларға жүздеген млн қаржы бөліп отырған ҚР МжСМ ұлттық өнер мен спортты (соңғы 5 жылдағы көрсеткіші 2-3 есе төмендеді) кері кетіруде. Бұл министрлікте ұлттық өнер мен мәдениетті дамытатын жүйелі жұмыс жоқ;
- ҚР АжҚДМ ашылғалы мемлекеттік тілдің ақпараттық кеңістік, интернет, БАҚ пен шығатын басылымдардағы үлесі 20%-дан төмен күйінде қалуда. Мемлекеттің интернет жүйесі қалыптастырмаған бұл министрліктің жұмысы сын көтермейді;
- Алматы мен ел астанасында инновацияға жылына 130-140 млн тг, ал ЛРТ-ның әр километріне $85 млн бөлінген. Ол Ташкенттегі дәл осындай жобадан он есе, Киевтегі поездың жылдамдығы 8 есе жобадан 3,5 есе қымбат. Мемлекеттік деңгейдегі коррупция!

14. Ал, ҚР ИжДМ (Қасымбек, Скляр), ҚР БжҒМ (Айтмағамбетов), Алматы (Сағынтаев) мен Нұрсұлтан (Көлгінов) қалаларының әкімдері ҚР Парламенті мен «НұрОтан» партиясы бекітіп, Елбасының 2017-2018жж. жолдаулары мен модернизацияның бес бағытына кірген және Сингапур, Түркия т.б. елдерде қабылданып жатқан, БҰҰ нормаларына сай дайындалған, көрсеткіштері Үкімет жобаларынан 3,5-10 есе тиімді және 30-40 жылға ілгері, адам капиталын, кванттық ғылымдар мен технологияны, туризмді қарқынды дамытатын «Қазақстанның жаңа индустриальдық стратегиясы», «Алматы мен Нұрсұлтанды комплексті дамыту», «Халықаралық инновациялық Парк» жобаларын іске асыруға кедергі келтіруде;

15. ҚР МжСМ (Райымқұлова), ҚР АжҚДМ (Абаев), ҚР БжҒМ «Рухани жаңғыруға ...» ұсынылған:
- Қазақ өнерінің 7 саласы бойынша Парижде көрме ұйымдастырып, мамандар дайындау және елдегі мәдениет ошақтарында мастер-класстар өткізу;
- 10 млн адамды қашықтықтан қазақ тіліне озық методикамен оқытып, әлем университеттерінде қазақ тілі кафедраларын ашу;
- Қазақстанда адам капиталын БҰҰ стандарттарына сай дамыту;
- Әл Фарабидің 1150-жылдығын өткізу аясында ЮНЕСКО-да т.б. шаралар өткізу;
- «Әлем тарихындағы түркі өркениетінің» жүз томдығын шығару сияқты елдің халықаралық беделін арттыратын басымды жобалардың іске асуына кедергі болуда;

16. Ақмола облысының әкімі (Маржакбаев) ҚР Үкіметінің «Медиатека Кз» пилоттық жобасын іске асуына кедергі келтіруде.
Соңғы 50 жылда ғылым, технология, экономикадағы жаңалықтардың 70%-ын ашқан, құрамында әлемнің 3500 ғалымы, оның ішінде ТОП-500 және 87 Нобель лауреаттары бар Әлемдік инновациялық Қор (WIF) және әлемнің ТОП-50 технологиялық компанияларымен бірге дайындалған 14, 15, 16 баптардағы жобалар Үкіметтің тиісті бағдарламаларына енгізілсін;

17. Ел экономикасының 80%-ын шетелдік компаниялар басқарса, билік қалған ұлттық компаниялар мен стратегиялық нысандарды сатуда. Мемлекеттік органдардың бюрократиясынан елге жыл сайын келетін шығын $25-33 млрд. Осындай жағдайда жаңадан министрліктер ашу және әкім кезінде қаңғыған иттерді атуға 70 млн тг, көпбалалы аналарға көмекке 90 млн тг бөлген Сұлтанов сияқтыларды тағайындау ессіз наданның тірлігі. Үкімет пен министрлік, әкімдіктердің қоғам дамуына кедергі болып отырған функциональдық қызметтері өзгертіліп, министрліктер, шенеуніктер мен құқық саласы қызметкерлерінің саны екі есеге қысқартылсын;

18. Президент жанынан білім, ғылым, технология (инновация) және бизнесті дамыту қоғамдық Комиссиясы құрылсын (Қосымша 4);

19. Шетелдік және біріккен компаниялардағы ҚР және шетел азаматтарының қаржылары теңестіріліп, олардағы біздің азаматтардың үлесі 85%-дан жоғары болуы қамтамасыз етіліп, көмірсутегі және шикізат өндіретін компанияларға халықаралық стандарттарға сай немесе Норвегия үлгісімен прогрессивті салық ендірілсін. 1990 жылдары қабылданған ОСРП қайта қаралсын. Елде еңбектеніп жатқан шетел азаматтарына Франция, АҚШ, Англияның ҚР-дағы елшілері мен олардың отбастарынан үлгі алып қазақ тілін үйренулерін ұсынамыз. Ол, әлемде 144 мемлекет пен өркениеттер құрған түркінің тілі. Мысалы «Бретон» деген сөзден бастап, Англиядағы 326 топономиканың түбірі осы тілде. Каталония (Гот-Алан елі), Балкан, Қырым, Самара, Аркаим, Байкал... Каракас т.б. бес құрлыққа тараған осы ұлы тіл деп түсіну керек;

20. Елдегі барлық кенорындары мен стратегиялық объектілер Ұлттық компанияларға қайтарылып, олардың ел экономикасын өздері басқаруы туралы және бизнестегі жеке біреулердің отбасылық басымдығы, монополия мен рейдерлікке қарсы және басқа елдің мүддесіне қызмет ететіндерді қылмыскер деп тану туралы заңдар қабылдансын;

21. Қазақстанда салынуға жоспарланған Қытайдың 51 кәсіпорынының жұмысы, олардың экологиялық нормаларға сай және экономикалық қажеттілігі қоғамдық ұйымдардан құрылған тәуелсіз эксперттердің шешімі шыққанша және халықаралық нормаларға сай жергілікті тұрғындардың оң шешімі болғанша тоқтатылсын;

22. Тәуелсіздік жылдары елден заңсыз шығарылған офшор, банктердегі қаржы, мүлік т.б. елге қайтару туралы ресми шешім қабылданып, оларды елге қайтаруды Әлемдік банк т.б. қаржы институттарымен бірге іске асырылсын!;

23. «Қазақстанның жаңа индустиальдық стратегиясы» жобасы негізінде Ұлттық экономика мен бизнесті дамытатын бағдарлама қабылдансын.
Қоғамның оң дамуына тікелей әсер ететін жоғарыдағы шаралар алдағы қыркүйекке (3, 19, 20, 21, 22, 23 баптар 2020 жылдың наурыз айына) дейін шешілмеген жағдайда Бүкілхалықтық референдум арқылы әр әкім, министр, құқық органдары, Премьер-министр мен орынбасарлары, Парламент, Президентке сенімсіздік танытылып, олар жұмыстан кетеді және қылмыскерлер жазаланады!

Құрметпен,

Халықаралық Еуразия ғалымдары мен қоғам-мемлекет қайраткерлерінің қауымдастығы (Париж-Стамбул),

Халықаралық журналистер қауымдастығы (Лондон),
Қазақстан жастары қауымдастығы,

Көпбалалы аналардың республикалық және облыстық - барлығы 12 қауымдастығы,

«Оян Қазақстан» қоғамдық ұйымы,

«Атажұрт-еріктілер» қауымдастығы (тіркелмеген),

«Атажұрт-жастар» қауымдастығы

«Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Қазақстан ғалымдар Одағы, Жазушылар одағы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. 37 республикалық қоғамдық ұйымдар құрған «Қазақстан Альянсының» (тіркелмеген) Ұйымдастыру алқасы:

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҒАББАСОВ Совет-Хан – медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғылымдар қауымдастығының Төрағасы, академик, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӘУЕЗОВ Мұрат – М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;

ТОҚАШБАЕВ Марат – «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

ҚАЛЫБАЙ Жарылқап – «Аңыз Адам-Жұлдыздар отбасы» жорналдарының бас редакторы;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек – жорналис, қоғам қайраткері

Қазақстан ғалымдары, ақын-жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері атынан:

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы, ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас –ақын, Еңбек Ері, ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруаш.ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жорналисі;

НҮСІПЖАНОВ Нұрғали – ҚР Халық әртісі, қоғам қайраткері;

ТҰРСЫНБАЕВ Балташ – мемлекет қайраткері, ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі;

АЙТАЛЫ Амангелді – заң ғылымдарының докторы, профессор;

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – ҚР халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат – «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағының Төрағасы;

ӘУБӘКІРОВ Тоқтар – ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, «Халық қаһарманы», ҚР Парламент депутаты (2000 жылдары);

ЕРМАНОВ Жүрсін – ақын, қоғам қайраткері;

ФАЗЫЛОВ Айтқожа – профессор, қоғам қайраткері;

ҮШКЕМПІРОВ Жақсылық – Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы (1980);

ЖҰМАДІЛДАЕВ Асқар – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

ҚОЖАХМЕТ Хасен – қоғам қайраткері, композитор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы;

БАПИ Ермұрат – ОСДП төрағасы, қоғам қайраткері;

КЕНЕБАЙ Жұмаш – ақын, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ИСА Қазыбек – "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері;

АСАНҚАЗЫҚЫЗЫ Оразкүл – қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің экс-депутаты;

АБДРАХМАНОВ Жексен – қоғам қайраткері (Қарағанды);

МУХАМЕМЕТҚАЛИҚЫЗЫ Алмахан – қоғам қайраткері;

МҰСА Алтынбай – қоғам қайраткері;

БЕРІМБАЙҰЛЫ Бақытбол – қоғам қайраткері;

ШАМАХАЙҰЛЫ Қуандық – жазушы, қоғам қайраткері;

САРЫМ Айдос – Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт – тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

ҚАЙСАРОВ Уәлихан – ҚР Парламентінің экс-депутаты, «Қазақстан Альянсы» республикалық қозғалысының Астана қаласы бойынша Төрағасы;

ӘЛІБАЕВ Серікбай – ҚР Парламентінің экс-депутаты, қоғам қайраткері;

АҢСАТ Садуақас – «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат;

НҰРЫПБАЕВ Мақсат – «Алаш жолы» республикалық қозғалысының құрылтайшысы, қоғам қайраткері, заңгер;

МӘКЕН Еділ – қоғам қайраткері;

ӘДІЛ Ержан – қоғам қайраткері (Қарағанды);

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді – Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ
ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия – тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;

ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері;

ҚУАНЫШАЛИН Жасарал – қоғам қайраткері;

БАЙТІЛЕУ Данияр – қоғам қайраткері;

ПІРМЕТ Шаруа – «Қазақстан Альянсы» республикалық қозғалысының ОҚО бойынша Төрағасының орынбасары, ғылым кандидаты, жазушы;

ТӨЛТЕБАЕВ Сәдібек – психология ғылымдарының кандидары, мектебінің директоры;

АХМЕТОВ Әзілхан – қоғам қайраткері, редактор;

БӨТЕЙ Болат – қоғам қайраткері, редактор-блогер;

ОРЫС Мамырбай – қоғам қайраткері;

ШӘМШІ Жұмамұрат – ақын, қоғам қайраткері;

ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;

ҚАНАТБАЕВ Серік – ветеринария ғылымының докторы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот – ҚР ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;

БАБАМҰРАТ Дәурен – «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта – «Демократия және құқық» халықаралық орталығының төрайымы;

АЛИБАЕВ Айдар – экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;

КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері;

ТӨРЕХАНОВ Эрнст – жазушы, қоғам қайраткері;

МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. – «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ Дәурен – «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, жазушы;

СӘДУҰЛЫ Бисенғазы – «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали – саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

ШӨРЕНОВ Қазым – қоғам белсендісі;

ТӨЛЕЕВ Рысқали – «Невада-Семй» қозғалысының Президиум мүшесі;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);

ИСА Жасұлан – қоғам қайраткері, заңгер;

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек – филология ғылымдарының кандидаты;

АҚЖІГІТ Өмірзақ – тәуелсіз жорналис;

МАЙҒАЗИЕВ Сәкен – «Мұзарт» ансамблінің жетекшісі, әнші;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны, қоғам белсендісі;

СЕЙСЕНБАЙ Марғұлан – кәсіпкер, қоғам қайраткері;

ТӨЛЕСОВА Әсия – қоғам белсендісі;

УТЕБЕКОВ Джохар – заңгер, қоғам белсендісі;

БАЖКЕНОВА Гүлнара – жорналис, қоғам белсендісі;

ТҰРСЫНБАЕВ Рүстем – қоғам белсендісі;

ҮСЕНБЕК Жәнібек – қоғам қайраткері;

МҮКІБАЙ Ауыт – қоғам қайраткері, жорналис;

МҰҚАНОВ Дәурен – аудармашы, әдебиеттанушы;

НҰР-АХМЕТ Дос – "Ұлт патриоттары"қозғалысының төрағасы;

БӨТЕЕВ Марат – «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. – Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ Ж. – Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. – жорналис, қоғам қайраткері;

БАЛҚЫБАЙ Мұқағали – қоғам белсендісі;

КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын;

Қосымша 1 (хат №1-1/890, 28.06.2019ж.)
ҚР Президенті жанындағы қоғамдық Комиссияға мүшелікке қоғамдық ұйымдардан ұсынылған кандидаттар тізімі:

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ҒАББАСОВ Совет - Хан – медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;
СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғылымдар қауымдастығының Төрағасы, академик, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – ҚР халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ИСАБЕКОВ Дулат – «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
СМАТАЕВ Софы – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағының Төрағасы;
СӘРСЕНБАЙ Рысбек – жорналис, қоғам қайраткері
ӘУБӘКІРОВ Тоқтар – ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, «Халық қаһарманы», ҚР Парламентінің экс-депутаты;
ТҰРСЫНБАЕВ Балташ – мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі;
АЙТАЛЫ Амангелді – заң ғылымдарының докторы, профессор;
ЖАҢАЛТАЙ Бешір – қоғам қайраткері, ВВС-да жұмыс істеген белгілі жорналис (Лондон);
ӘЛІБАЕВ Серікбай – ҚР Парламентінің экс-депутаты, қоғам қайраткері;
ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;
ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт – тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;
АҢСАТ Садуақас – «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);
АСЕТКИНА Айсұлу – жорналис, қоғам белсендісі;

Қосымша 2 (хат №1-1/890, 28.06.2019ж.)
Арыстағы қайғылы оқиғаны тексеру және ҚР Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке қоғамдық ұйымдардан ұсынылған кандидаттардың тізімі

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;
ӘУЕЗОВ Мұрат – М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;
ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;
ТОҚАШБАЕВ Марат – «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;
ФАЗЫЛОВ Айтқожа – профессор, қоғам қайраткері;
АЙТАЛЫ Амангелді – заң ғылымының докторы, профессор,
ҚАЛЫБАЙ Жарылқап – «Аңыз Адам-Жұлдыздар отбасы» жорналдарының бас редакторы;
УМАРОВА Айжан – қоғам қайраткері, заңгер;
ИСА Жасұлан – қоғам қайраткері, заңгер;
ПІРМЕТ Шаруа – ғалым, қоғам қайраткері;
ТОҒЫСОВ Амандық – генерал, қоғам қайраткері;
ҚАЙСАРОВ Уәлихан – ҚР Парламентінің экс-депутаты, «Қазақстан Альянсы» республикалық қозғалысының Астана қаласы бойынша Төрағасы;
ИСА Қазыбек – "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері;
АҚЖІГІТ Өмірзақ – тәуелсіз жорналис;
ТӨЛЕСОВА Әсия – қоғам белсендісі;
УТЕБЕКОВ Джохар – заңгер, қоғам белсендісі;

Қосымша 3 (хат №1-1/890, 28.06.2019ж.)
ҚР МжСМ жанындағы терминкомға мүшелікке қоғамдық ұйымдардан ұсынылған кандидаттар тізімі

ОСМАН Асылы – филология ғылымдарының кандидаты, ҚХА мүшесі;
ҚАПАЛБЕКОВ Бижомарт – филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры;
САҒИДОЛЛАЕВА Айман – мектеп мұғалімі;
РАЕВА Гүлшат – филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
ҚҰРМАНБАЙ Шерубай – филология ғылымдарының докторы, профессор;
ӘНЕС Ғариполла – филология ғылымдарының докторы, «Арыс» баспасының директоры,
АСАНҚАЗЫҚЫЗЫ Оразкүл – қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің экс- депутаты;
ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері
КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын, қоғам қайраткері
ӘБІШТЕГІ Ақерке – мұғалім, тіл маманы
НҰРЫПБАЕВ Мақсат – «Алаш жолы» республикалық қозғалысының құрылтайшысы, қоғам қайраткері, заңгер;

.
Қосымша 4 (хат №1-1/890, 28.06.2019ж.)
ҚР Президенті жанындағы білім, ғылым және технологияны дамыту қоғамдық Комиссиясына мүшелікке ұсынылған кандидаттар тізімі

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ЖҰМАДІЛДАЕВ Асқар – физ.-мат. ғылымдарының докторы, профессор, академик;
ТОМСКИЙ Григорий – доктор физ.-мат.наук, профессор, Президент Академии КОНКОРД (Франция);
ХИЛЛ Дэвид – доктор PhD, профессор, директор Всемирного инновационного Фонда (Лондон);
ФАШ Фредерик – доктор PhD, профессор, сооснователь кремниевой долины «София-Антиполис» (Франция);
ДУДИН Иван – «Honeywell-АСУ-Казахстан» компаниясының бас директоры;
ТЕРЕЩЕНКО Сергей – президент Казахстанской Ассоциации пчеловодов;
ИДРИСОВ Динмухамет – Председатель наблюдательного совета ТОО «Казахстанские коммунальные системы»;
НАБИЕВ Жауғашты – қоғам қайраткері, кәсіпкер;
СЕЙСЕНБАЙ Марғұлан – кәсіпкер, қоғам қайраткері;
ОСПАНОВ Бауыржан – Председатель наблюдательного совета ИПК Zhersu;
МОЛДАЖАНОВА Гульжан – член Совета директоров Фонда «Самрук-Казына»;
ЖАКУПОВ Мансур – Гендиректор французской компании «Total»;
РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;
ОМАРОВ Еренғайп – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қайнар» университетінің ректоры, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының вице-Президенті;
ӘКІМ Жанұзақ – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.- мүшесі;
БИМАҒАМБЕТОВ Төлеуғали – физика-математика ғылымдарының кандидаты;
ЖӘКИЕВ Нұрхат – PhD докторы, Назарбаев университеті;
АБУТАЛИПОВ Әспен – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;
МҰҚАНОВ Шыңғыс – PhD докторы (Гарвард түлегі);

Қосымша 5 (хат №1-1/890, 28.06.2019ж.)
Коррупцияға қарсы күрес мемлекеттік Комиссиясына қоғамдық ұйымдардан ұсынылғандардың тізімі

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;
ҚОЖАХМЕТ Хасен – қоғам қайраткері, композитор;
НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;
ШАМАХАЙҰЛЫ Қуандық – жазушы, қоғам қайраткері;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;
ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы;
БАПИ Ермұрат – ЖСДП төрағасы, қоғам қайраткері;
АБДРАХМАНОВ Жексен – қоғам қайраткері (Қарағанды);
АЛИБАЕВ Айдар – экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;
БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);
МУХАМЕМЕТҚАЛИҚЫЗЫ Алмахан – қоғам қайраткері;
МҰСА Алтынбай – қоғам қайраткері;
БЕРІМБАЙҰЛЫ Бақытбол – қоғам қайраткері;
МӘКЕН Еділ – қоғам қайраткері;
ӘДІЛ Ержан – қоғам қайраткері (Қарағанды);
ҮСЕНБЕК Жәнібек – қоғам қайраткері;
ЕРҒАЛИЕВА Баретта – «Демократия және құқық» халықаралық орталығының төрайымы;
ТӨРЕХАНОВ Эрнст – жазушы, қоғам қайраткері;
ҚУАНЫШАЛИН Жасарал – қоғам қайраткері;
БӨТЕЕВ Марат –қоғам қайраткері;
НҰҒМАНОВ Рашид – кинорежиссер, қоғам қайраткері.

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

56 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1561
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3365
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6387