Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3726 4 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 11:24

Шекаралық аудандарды халықпен толтыру - өте өзекті мәселе!

Бұрынғы Марқакөл ауданында Кеңес кезінде 25 мың адам тұрған. 1995-жылы территорияны ықшамдандыру кезеңінде аудан жабылып, Күршім ауданына қосылды.

Осы қадамнан Үкімет не ұтқаны белгісіз. Ал, бұрынғы Марқакөл ауданында 25 мың халықтан 6 мың ғана қалды. Халық Алматы, Өскемен, Семей, Күршім, Зайсанға үдере көшті. Бұрынғы Марқакөл ауданының орталығы Теректіге Қытайдың шекарасы тиіп тұр. Қытайдың сотовый операторлары жұмыс істейді, "Қытайға қош келдің" деп сәлем береді. Біз жақтағы ауылдар үңірейіп, жетімсіреп тұр.Дәл осындай жағдай Катон-Қарағай, Тарбағатай, Мақаншыда қалыптасқан.

Менің ойымша, шекара аймақтарындағы аудандарды қалпына келтіріп, халықпен толтыру, инфрақұрылымын дамытудың бағдарламасын жасау өте өзекті.

Бұл аудандар біздің қалқан тәрізді, сол қалқан майысып қалатын қаңылтырға айналған. Қайтадан мызғымас металл жасау керек... Яғни, "Шекаралық аудандарды дамыту жөніндегі" мемлекеттік бағдарлама қажет.

Ерлан Саировтың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502