Жұма, 29 Наурыз 2024
2835 0 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 11:50

"Отаным, саған айтамын": шығармалар қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

Жас қаламгерлерге арналған "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауына шығармалар қабылдау 20 шілде күні аяқталады.

2019 жылғы Жастар жылына орай Massaget.kz порталы ERG компаниясының қолдауымен жас таланттарды жарыққа шығару, шығармашылығын қолдау мақсатында 15-29 жас аралығындағы жас қаламгерлер арасында "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын.

Байқау мақсаты – егемен елдің ертеңі саналатын жастар арасындағы отан түсінігін қалыптастыру, патриоттық сезімін оятып, құлашын кеңге жайған бүгінгі тәуелсіз еліміздің жетістіктерін баяндау, насихаттау, жас қаламгерлерді қолдау және шығармашылығын дамыту.

Қатысушылардың эсселері baikaumassaget@gmail.com поштасына 2019 жылдың 24 мамырынан бастап түсе бастады. Осы уақытқа дейін 100-ден артық жас жазушылар өз жұмыстарын орыс және қазақ тілдерінде жіберіп үлгерді.

Іріктеуден өткен шығармалар Massaget.kz және Tengrinews.kz порталдарында жарияланды және Жұлдыз FM мен Tengri FM эфирінде оқылды.

Отан тақырыбындағы үздік проза (эссе, әңгіме) бойынша төмендегідей жүлделер тағайындалған:

1-орын 300 000 теңге;
2-орын 150 000 теңге;
3-орын 100 000 теңге.

20 шілдеде шығармалар қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін алдағы 5 күнде әділқазылар шешімімен жеңімпаздар анықталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616