Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3928 9 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 12:04

Мектептегі хиджаб мәселесіне нүкте қою керек!

Мектептегі бірыңғай мектеп формасы, мектептегі киім - үнемі дау тудыратын тақырыптың бірі. Биыл мектеп формасына жаңа өзгерістер енгізіледі екен. Бұдан кейін "Мектепте мини-белдемше, джинс, декольте, шашты жасанды түстерге бояу мүлде болмайды. Қыздар шашын бояуға, қымбат, салпыншақ сырғалар тағуына да тиым салынады" дейді.

Бұл - өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі, мектепте барлық оқушы бірыңғай оқушы кейпінде болу керек. Қолдан "мини юбка" жасап алатындарға да, шашын алуан түске бояп алатындарға да тыйым керек. Сондай-ақ, мектептегі хиджап мәселесіне де нүкте қою керек деп ойлаймын.

Төменде осыған байланысты министрлік жобасы.
"Ведомство ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 14 қаңтарындағы # 26 "Орта білім ұйымдарына арналған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығына келесі мазмұнды 13-1 пунктін енгізуді ұсынып отыр: "Білім алушының сыртқы түрі жалпыға ортақ қабылданған іскерлік стильдің нормаларына сәйкес келеді және шамданған детальдарды қоспайды (мини-белдемше, джинс, декольте, шашты жасанды түстерге бояу)".

Сонымен қатар, "Орта білім ұйымдарына арналған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар" бөлімінде "Мектеп формасының түсі жұмсақ және шамданған емес ашық түстерден таңдалады" сөздерін "Мектеп формасының түстік гаммасында жұмсақ жəне нейтралды түстер пайдаланылады" сөздеріне ауыстыру қарастырылған.

ҚР БҒМ құжатының жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылған жəне 2019 жылдың 27 мамырына дейін талқылауға салынады." делінген қаулыда.

Сіздер қалай ойлайсыздар?

Аятжан Ахметжанұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502